Руханият

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫП ЖАТҚАН ДӘСТҮРЛІ «ҰЛЫ ДАЛА» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫП ҮЛГЕРІҢІЗДЕР

0
«AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы әдеби конкурсы Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылып отыр.
Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіп келе жатқан «Ұлы Дала» республикалық шығармашылық байқауы осымен бесінші мәрте ұйымдастырылуда.
Шығармашылық доданың басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы ойларды жаңғырту арқылы ағартушының еңбектері мен қайраткерлік ұстанымын өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Байқауға
«Проза»,
«Поэзия»,
«Драматургия»,
«Әдеби сын» және
«Балаларға арналған шығарма» номинациялары бойынша 20-45 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.
Бұдан бөлек, байқауда «Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы» және «Алаш аманаты» арнайы жүлделері де қарастырылған.
Әр номинация бойынша
1-орын иегерлеріне – 1 000 000 теңге,
2-орынға – 750 000 және
3-орын жеңімпаздарына — 500 000 теңге сыйлық тағайындалған.
Қатысушыларға қойылатын барлық талап пен байқау шарты белгіленген ереже мәтіні БАҚ-тарда, партияның ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялануда.
Шығармалар 11 қыркүйектен бастап, 10 қарашаға дейін қабылданады. Ережеге сай еліміздің барлық өңіріндегі партияның аймақтық филиалдарында ұйымдастыру комитеттері құрылады. Әрбір аймақтық ұйымдастыру комитеттерінде байқауға қатысушылардан шығармаларды қабылдап алатын арнайы электронды мекенжайлар ашылды.
Осыған орай, келіп түскен шығармаларды аймақтардағы ұйымдастыру комитеттері ереженің талаптарына сәйкес тексеріп, партияның Орталық аппаратында құрылған Республикалық ұйымдастыру комитетіне жолдайды. Өз кезегінде аймақтардан келіп түскен шығармаларды Республикалық ұйымдастыру комитеті тексерістен өткізіп, арнайы бүркеншік есіммен аikyn.kz сайтынан ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында күнделікті жариялап отырады. Қызығушылық танытқан кез келген оқырман шығармалармен сол жерден таныса алады.
Айта кетейік, байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 13-20 қараша аралығында қарайды. Байқау нәтижесі «Тәуелсіздік күні» қарсаңында қорытындыланып, салтанатты іс-шарада жеңімпаздарға марапаттар тапсырылады.
Еске сала кетейік, «Ұлы дала» байқауы былтыр Ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған болатын.
Байқау бойынша толық ақпарат: https://drive.google.com/…/1xHBfjR3_qmmpKb
Ал Түркістан облысы бойынша шығармалар байқауына туындылар ulydala-turkistan@amanatpartiasy.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Жолдау жүгі ЖОЛДАУ — ЕЛ СҰРАНЫСЫНА ЖАУАП

Алдыңғы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *