Руханият

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫ

0

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органдарда мем­лекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асы­руға бағытталған лауазым­дық өкілеттіктерді атқару жөніндегі қызмет. Сондық­тан да ұлт мәртебесін көте­ретін, ел абыройын асқақ­тататын мемлекеттік қыз­метші болу – мәртебелі мін­дет және зор абырой!
Мемлекеттік қызметші – би­ліктің биік бейнесін, іс­кер­лік қабілетін көрсететін тұл­ға! Сондықтан мемлекеттік қыз­мет­тегі әрбір адам өз қыз­ме­тінің барлық жауапкер­ші­лі­гін толықтай сезініп, қызмет амал­дарын жетік меңгеріп, өз ісі­нің білікті маманы болуы тиіс.

 

23 маусым — Қа­зақ­стан Рес­публикасындағы мем­лекеттік қызметшілер күні болып бел­гіленгені белгілі. Мерейлі ме­реке қарсаңында, «Аудан­дық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі аудандағы мем­ле­кеттік органдарда көп жылдан бері абыроймен қыз­мет атқарып, зейнеткерлік жа­сына байланысты дема­лысқа шық­қан әйел – аналардың жас­тармен кездесуін ұйым­дастыр­ды. Іс-шара аудандық «Ор­да­басы оттары» газетінің бас­па­сөз клубында өтті.Оған аудан­дық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағ­дарла­ма­лар бөлі­мінің бас ма­маны — әлеу­меттік қыз­мет­керлікті ат­қарған Анда­кулова Ға­лия, ау­дандық мәс­лихат ап­пара­тында, ау­дандық комму­налдық шаруа­шылығы, жолау­шылар көлігі және автомобиль жол­дары бөлімінің бас ма­маны-бас есеп­ші қызметін ат­қарған Жақ­сыбаева Бату, Қажымұқан ауыл округі аппара­тында, ау­дандық эко­номика жә­не қаржы бөлімінің бас маманы — бас есеп­шілігін абыроймен атқар­ған Мамедова Гүлайым, Жеңіс ауыл округі әкім аппа­ратында бас маман — салық инспекторы болған Тұрсынбек Зәуре, Қажымұқан ауыл округі әкімі аппаратының бас ма­маны-бас есепшісі Ізтілеуова Ғазиза қатысты.

Шақырылған аналар өз ең­бек жолдарында мем­ле­кет­тік қызметтің оңай болм­ағанын, отбасының жағд­айы­на, ба­ла­лардың тәрб­иесіне, мемле­кеттік қызметтің талапқа сай орындалуына көңіл қойыл­ғанын, мемлекеттік қызметші болу абыройлы іс екендігін сөз етті. Мемлекеттік қызметке келу тарихына, функцио­нал­дық міндеттерді абыроймен орындау жолындағы еңбек­теріне тоқталып, сол уақыттағы қызықты оқиғалары туралы кеңінен әңгімелеп, естеліктер айтылды. Мемлекеттік қыз­мет­тің абыройлы қызмет екендігі де аталды. Кездесуге келген қыздарға мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдірген жағдайда жастардың елдің тарихына қа­нық болу керектігінен бастап, мем­лекетіміздегі барлық заң­дылықтарды білуге ұмтылып, сауат­ты, әділ, өз қызметіне адал, халыққа барынша жа­қын болуды басты назарда ұс­тау­ды баса айтты. Аудандық әйел­дер кеңесінің төрайымы Тай­телиева Гүлияға осындай бас­қосуларды жиі өткізіп тұруды ұсы­нып, ризашылықтарын біл­дірді.
Аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің орындауында концерттік бағдарлама та­ма­шаланды. Естелікке суретке түсіп, сыйлықтар тапсырылды.
Жастардың мем­лекеттік қыз­метке қызығу­шы­лық­тары кө­рі­ніп, жиын соңында кездесуді ұйым­­д­ас­тыру­шы­ларға ризашы­лықта­рын біл­дір­ді.

Орынбасар АХМЕТЖАНОВ,
өз тілшіміз.

 

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Алдыңғы

Еңбек адамы БӘРІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАН БАСТАЛЫПТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *