Ақпарат ағыны

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

0

Гийом Фийон, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының аға менеджері: бейресми жұмыспен қамтылу нәтижесінде халықтың едәуір бөлігі зейнетақымен қамсыздандыруға қол жеткізе алмайды

 

«Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі» атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің «Халықты қамту және хабардар ету» тақырыбындағы екінші панельдік сессиясының модераторы белгілі қаржыгер, мемлекет қайраткері Болат Жәмішев болды.

Аталмыш шарада Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы, Әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту басқармасының аға менеджері доктор Гийом Фийон (ХӘҚҚ, Женева, Швейцария) «Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерімен қамтуды кеңейту стратегиялары: жаһандық қиындықтар мен шешімдер» атты баяндамасын жасады.

Баяндамашының айтуынша, соңғы уақытта ХӘҚҚ-ның негізгі мақсаттарының бірі халықтың жеке топтарын — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, шағын бизнес иелерін, ауыл қызметкерлерін, мигранттар мен әйелдерді қамту болып табылады.

ХӘҚҚ-ның осы санаттардағы мәселелерді шешуде басшылыққа алатын қағидаттары:

  • қамтуды кеңейту үшін әкімшілік реттеу;
  • қателіктер мен алаяқтықтан алшақ болу саясаты;
  • жарналарды жинау;
  • талаптарды сақтау және мүдделі тараптармен байланыс.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ХӘҚҚ серіктестерімен бірге келісілген ұсыныстар әзірлейді. Спикер олардың барлық жерде енгізілуі міндетті емес, бірақ әрбір ұйым үшін олардың қызметінің сипатын ескере отырып, қажеттілік туғызуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, Гийом Фийон мырза алға қойылған мақсаттарға жету жолдары ХӘҚҚ-ның барлық мүшелері мен серіктестері арасындағы келісілген әрекеттерді білдіретінін атап өтті.

Алға қойған міндеттерді іске асырудың әлеуетті тәсілдері озық тәжірибенің көмегімен әзірленеді. Олардың бірі – мемлекеттік субсидияны еңбекті ресімдеу үшің берілетін серпін ретінде пайдалану, ал Қытайдың денсаулық сақтауды кеңейтудегі тәжірибесі осыған түсініктеме бола алады. Тағы бір әдіс — Францияның үлгісі бойынша шағын бизнес үшін жағдайды жеңілдету.

Латын Америкасы мен Мадагаскардағы ұлттық біліммен серіктестік қарым-қатынасты спикер бейресми жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін коммуникацияларды кеңейтудің оң мысалы ретінде келтірді.

Спикер қазір жұмыстың жаңа түрлеріне және еркін табыс экономикасына көшу көбірек жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Алайда, бұл екіұшты қадам және ішінара 19 ғасырға оралу, өнеркәсіптік төңкеріс кезінде іс жүзінде тәуелді жұмысшы өз еңбегінің иесі болып саналды және жұмыс берушінің оны қорғауға ешқандай қатысы болмайды. Еңбек қатынастарының бейресми болуына байланысты жұмыс беруші өз қызметкерлерінің алдында, мысалы, жазатайым оқиғалар кезінде, сондай-ақ жұмысшылар мен олардың отбасыларының өмірін жұмыссыздықтан, аурудан, қарттықтан және т. б. қорғау үшін жауап бермейтін жағдайлар туындайды. Егер көптеген дамыған елдерде халықтың едәуір бөлігі міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қандай да бір түрімен қамтылса, дамушы елдерде халықтың едәуір бөлігі бейресми секторда жұмыс істейді және зейнетақы сызбалары олар үшін қолжетімсіз. Бірақ жұмысшылардың әлеуметтік қорғалмау мәселелері барлық жерде орын алып жатады. Бұған мысал – астыртын тәуелді жұмысы үшін бірқатар елдерде (Ұлыбритания, Франция, Испания және т. б.) жауапқа тартылған Uber компаниясына қарсы сот-тергеу үдерісі.

Спикердің пікірінше, халықты әлеуметтік және зейнетақы бағдарламаларымен қамту мәселесін шешуде жұртшылықтың мәліметке қанық болуы менн халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды рөл атқарады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

 

 

 

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫП ЖАТҚАН ДӘСТҮРЛІ «ҰЛЫ ДАЛА» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫП ҮЛГЕРІҢІЗДЕР

Алдыңғы

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *