Руханият

“Дін мен дәстүр сабақтастығы” тақырыбында танымдық семинар өтті.

0

Республика күні қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 18 қазан — Рухани келісім күніне орай, аудандағы дін саласы өкілдері мен дінтану пәні ұстаздарының қатысуымен «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында танымдық семинар өтті.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл ашып, еліміздегі 17 конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдіренің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату,ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету халық бірлігі мен келісімінің басты құндылығы болып табылатынын айтып, қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтады.

Осыған қоса, ауданның бас имамы А.Керімбаев ұлттық танымымыздағы дін мен дәстүр сабақтастығының қатынасы жайында баяндама жасады.
Шара соңында аудандағы дін саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуына елеулі үлес қосып жүрген тиісті сала өкілдері аудан әкімі Н.Бадырақовтың алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«ОҢТҮСТІК ҰСТАЗДАР ҰСТАХАНАСЫ» –ОҚМПУ

Алдыңғы

ДІН ӨКІЛДЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *