Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы арнайы Ордабасы ауданына ат басын бұрып, Жеңіс, Бөген және Қараспан ауыл округі тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Оралбаев Азат Әбдіғалиұлы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бердімұрат Әлиасқар Байдуллаұлы және округ тұрғындары қатысты. Округ тұрғындары тарапынан халық қалаулысына бірқатар ой қозғайтын мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
Атап айтқанда зейнеткерлік жасты қысқарту, ауылдардағы ортақ жайылым мәселесі, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мақта егуін субсидиялау, ағын су көлемін ұлғайтуға «Қараспан» каналын бетондау сынды бірқатар ұсыныстар түсіп, республикада депутаттық сауал есебінде тиісті басшыларға жеткізу сұралды. Құдайберген Төлепұлы өз тарапынан айтылған ұсыныстарды назарға алып, алдағы уақытта өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің жұмыс органдарының отырыстарында ұсыныс беретіндігін жеткізді.
Comments