Қоғам

«Зорлық-зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі»

0
«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігінің дербес бөлімдерімен, аудандық Полиция, іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесе отырып, облыстық Азаматтық қоғамды дамыту басқармасының қолдауымен Бөген ауыл округінің тұрғындарымен «Б.Кенжебаев»ЖОМ «зорлық-зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі» тақырыбында кездесу жиыны өтті.
Кездесу жиынын аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.А.Тайтелиева ашып, кездесу жиынының мақсатын түсіндірді, еліміздің жаңаруы жолында әрбір отбасының ынтымақ, бірлігінің сақталуы, бала тәрбиесіне, қыз тәрбиесіне көңіл қойылуы маңыздылығын атады. Аудандық Полиция бөлімінің қызметкері Ж.Мұратбековаға, әлеуметтік сүйемелдеу секторының жетекшісі А.Құрмашеваға сөз беріліп, өз салалары бойынша зорлық-зомбылық орын алу себептері мен салдарлары, заң талаптары мен жаңадан ендірілген өзгерістер туралы кеңінен айтылып түсініктер берілді. Ауылдың үлгілі отбасылар қатарындағы Мұсаев Бекберген мен Тойлыбаева Қалдығыздың және Мұсаев Пернебек пен Омарова Құралайдың отбасы ұл-қыздары, немерелерімен сахна төріне шығарылды. Отаналар ұл- қыздарының тәрбиесі, жеткен жетістіктерін әңгімелеп, таныстырды. Осындай мақсатқа жету жолындағы қиындықтарға да тоқталды. Әсіресе, Қалдыңыз апаның кішкентай немересі Алпамыстың бірнеше фильмдарға түсуі, Құралай апаның қызы Жанияның Алаштанушы — Елдос Тохтарбай қазылық еткен А.Байтұрсынов оқуларында жүлделі 1-орын алуы сүйсіндіреді. Осы байқауда жүлделі орын алған Ж.Ахмедиярдың еңбегін атау керек.
Мерейдің анасы Әубакирова Шынар ханымға, өнерлі жастарға, үлгілі отбасыларына ауыл округі әкімі аппаратының қызметкері,- Тәкен, әкелер ұйымының жетекшісі- Ғ.Төбелбаев, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Қашқын ауыл әкімінің Алғыстары, бағалы сыйлықтарын табыстады. Қалдығыз апаның ұсынысымен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гулия Тайтелиева апаның немересі Мединаның тұсауын кесіп, үлкен азамат болып өсуіне тілегін білдірді.
Кездесуде арнайы роликтер, слайдтар көрсетіліп, бюллетень-буклеттер таратылды. Жастардың концерттік бағдарламасы тамашаланды.

«Отбасы құндылықтары. Зорлық-зомбылықсыз отбасы- бақытты отбасы»

Алдыңғы

«Отбасы құндылықтары.Зорлық-зомбылықсыз отбасы — бақытты отбасы»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *