Жергілікті тұрғындар тек ішімдіктен бас тартып қоймай, жастарды тәртіп бұзбауға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрететіндерін айтады.
«Бұл ауылдарда 5 жылда мүлдем қылмыс болмаған. Оның басты себебі ішімдіктен бас тартуында», – деді Ордабасы аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев.
«Балаларымызды әділ, ақылды болуға, тәртіп бұзбауға, үлкендер мен ұлттық салт-дәстүрді бұзбауға үйретеміз», – дейді Жусансай ауылының тұрғыны Әбдімәлік Елтаев.
Сонымен қатар ауылдағы еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін спортпен шұғылданады.
Comments