Қоғам

«Отбасы құндылықтары.Зорлық-зомбылықсыз отбасы — бақытты отбасы»

0
«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесімен, Полиция, аудандық ішкі саясат, Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен,білім бөлімімен келісе отырып, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Бөржар ауыл округі тұрғындарымен, Мәдениет үйінде, «Отбасы құндылықтары.Зорлық-зомбылықсыз отбасы — бақытты отбасы» тақырыбында кездесу жиыны өтті.
Жиынды ауыл округі әйелдер кеңесінің төрайымы Салима Абдуллаева жүргізді, ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Дүйсенбай ашып, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарып, жаңаруына басты негіз отбасының тыныштығы, өзара сыйластығы мен бала тәрбиесі екенін атады. Аудандық Полиция қызметкері Ж. Мұратбекова зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстық әрекеттерге байланысты заң талаптарымен таныстырып, аудан көлемінде орын алған қылмыстық жағдайларға тоқталды. Аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік сүйемелдеу секторының жетекшісі А.Құрмашева мемлекет тарапынан зорлық пен зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға жасалған әлеуметтік қызметтер туралы, оның алдын алуға бағытталған жұмыстарды баяндады.
Арнайы дайындалған слайдтар көрсетілді. Ауылдың үлгілі отбасылар қатарындағы, зейнеткер ұстаз Тәжібай Ұлжалғас «Абай» ЖОМ қызметкерлері Анар Тұрысбек апайымыз, әлеуметтік педагог Г. Ысқақ ұлт құндылығына байланысты, отбасындағы құқықбұзушылықтың бала тәрбиесіне кері әсерінің үлкен екендігін атап, отбасындағы ынтымақ, мейірімділіктің орнын кеңінен таратып айтты.
Кездесу жиынын аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Тайтелиева қорытындылады. Кездесу жиынына қатысушыларға тақырыптық бюллетень- буклеттер таратылып, роликтер көрсетілді. Мәдениет үйінің ұйымдастыруындағы жастардың концерттік бағдарламасы тыңдалып тамашаланды.

«Зорлық-зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі»

Алдыңғы

«Зорлық-зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *