Қоғам

«Зорлық- зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі»

0

«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт,,  аудандық ішкі саясат, Полиция, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, Жастар ресурстық орталық мекемесімен бірлесе отырып, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Төрткүл ауыл округінде «Зорлық- зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі» тақырыбында кездесу жиыны Төлепбаев атындағы ЖОМ акт залында өтті.

Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Тайтелиева кездесу жиынын ашты, жиын мақсатымен таныстырды. Аудандық Полицияның қызметкері Ж.Мұратбекова отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты қолданыстағы заңдылықтарды айтты, орын алып отырған жайттарға тоқталды. Әлеуметтік сүйемелдеу секторының жетекшісі — Құрмашева А.Т. аудандағы зорлық-зомбылық жағдайы орын алған отбасылар және оларға жасалған әлеуметтік-психологиялық көмектерді әңгімеледі. «Ауыл округі қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Өтегенов ауыл округінде өткен жылы орын алған қылмыстық оқиғаға, ауылдағы жасөспірімдердің ойынханада беймезгіл жүру жағдайына, дүкендердегі жасөспірімдерге темекі, арақ сата беру жайына тоқталып, оны тоқтатуға бірлесе жұмыс жүргізуді ұсынды.

Отбасында 10 бала тәрбиелеп өсірген, ұл-қыздары еліміздің түрлі облыстарында лауазымды қызметтер атқарып жүрген Қасымбекова Камила апамыз жолдасы Әбдіғаппар ағамен бірге бала тәрбиесінде көңіл қойған негізгі ұстанымдарын, мектепте ұстаздық еткен жылдарында тәрбие, білім беріп жүргендегі ұстаным-талаптарын айтты, жерлес ағайындарды бала тәрбиесіне келгенде ерекше көңіл бөлгеннің дұрыс екендігін атады.

Орта мектептің директоры М.Омарбеков отбасы құндылықтарының насихатталуы мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында » Отбасындағы бірлік» шаралары ұйымдастырылатынын және де қатысып отырған ата-аналарға бірлесе жұмыс жүргізгенде тәрбие жұмысының нәтижелі болатынын атады. Жиынға жиналған азаматтар сөз сөйлеп, пікір айтқан азаматтардың ұсыныстарының орынды екенін бірауыздан мақұлдады. Жиында арнайы дайындалған тақырыптық роликтер көрсетілді, бюллетень-буклет таратылды. Ауыл округі әкімінің жауапты қызметкері қатысып отырды.Жиын соңы жастардың концерттік бағдарламасына ұласты.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі!»

Алдыңғы

Бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген: Түркістан облысындағы Төреарық пен Жусансай ауылының тұрғындары ішімдіктен толығымен бас тартқан

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *