Қоғам

«Отбасы құндылықтары. Зорлық-зомбылықсыз отбасы- бақытты отбасы»

0

«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігінің дербес бөлімдерімен, аудандық Полиция бөлімімен, ауыл округ әкімдерімен бірлесе отырып, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Бадам ауыл округінің ауыл тұрғындарымен,»Отбасы құндылықтары. Зорлық-зомбылықсыз отбасы- бақытты отбасы» тақырыбында кездесу жиыны өтті.

Жиынды аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.А.Тайтелиева ашып, отбасының құндылығының сақталуы отбасындағы өзара сыйластық, ынтымақ пен бірліктің сақталуына, жиынның мақсатын атады.аудандық Полиция бөлімінің қызметкері Ж.Мұратбекова отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты елімізде қолданыстағы заңдылықтар мен оларға ендірілген өзгерістер туралы айтты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік сүйемелдеу секторының жетекшісі Айнур Құрмашева, арнайы дайындалған тақырыптық роликтер мен слайдтарды көрсете отырып, зорлық пен зомбылықтан зардап шеккен азаматтар туралы, оларға көрсетілген көмектер туралы, алдын алуға бағытталған жұмыстарды баяндады, бірлесе жұмыстар жүргізуді ұсынды.

Ауылдың елге сыйлы, көрнекті әжелері жиынға қатысып отырған әйелдер мен қыз-келіншектердің өз отбасыларында ынтымақ пен бірліктің, сыйластықтың болуы көптен көп әжеге, әйелге байланысты екенін, оны ақылға салып, ойланса, айтарлықтай қиын еместігін, ер азаматқа жылы сөзімен, жақсы іс-әрекетімен отбасындағы саясатты жүргізе білген абзал екенін айтты. Әжелердің әңгімелері жиналған көпшіліктен қолдау тапты. Кездесу жиынына қатысушыларға бюллетень-буклеттер таратылды. Әдемі әжелердің әдемі әні тыңдалды. «Диамур» балабақшасы қызметкерлерінің ұйымдастыруындағы тақырыптық сахналық көрінісі және тәрбиеленушілердің өнері тамашаланды.

Ауылдық кітапхана қызметкерлері тарапынан кітап, баспа көрмесінің өте жақсы дайындалғаны және осы тақырыпта көптеген іс шаралардың ұйымдасуының мұрындық болып жүргені аталды. Жиынға қатысушылар осы тектес, тәрбиелік мәні бар жиындардың көптеп өткізіле бергені дұрыстығын атады.

«Отбасы құндылықтары.Зорлық-зомбылықсыз отбасы-бақытты отбасы»

Алдыңғы

«Зорлық-зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *