Қоғам

«Зорлық-зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі»

0
«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі Полиция бөлімімен, аудан әкімінің дербес бөлімдерімен бірлесе отырып, Облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Жеңіс ауыл округі тұрғындарымен Мәдениет үйінде «Зорлық-зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі» тақырыбында кездесу жиыны өтті. Жиынды ауыл округі әйелдер кеңесінің төрайымы Батырбаева Жақсыкүл жүргізді.
Алғашқы сөз аудандық Полиция бөлімінің қызметкері Мұратбекова Жанар отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің жағдайы, «қорғау нұсқамаларын» алған жағдайлар, заңдылықтарға ендірілген жаңа баптарды кеңінен айтып, түсіндірді, сұрақтарға жауаптар берді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік сүйемелдеу секторының жетекшісі А.Құрмашева отбасында татулық пен ынтымақ, бірліктің болмауы салдарынан, зардап шеккен отбасында тәрбиеленіп отырған балалардың тәртібі, оқу үлгеріміне, жалпы адами дамуына келетін, психикасында ұзақ жылдарға өзінің әсерін қалдыратын жағдайына тоқталды. Қандайда бір осы тектес жағдайлар орын алғанда хабарласуға, бірлесе көмектер ұйымдастыруға шақырды. Осы орайда арнайы дайындалған роликтер көрсетілді.
Слайдтармен көрсетілді, бюллетень-буклет ер таратылды.Ауыл округі әйелдер кеңесінің төрайымы жас болса да, балаларына үлгілі тәрбие беру негізінде бір үйден 2-3 балаларын жоғары оқу орындарында оқытып отырғанын, барлығын да тәрбиелі, білімді етіп өсіріп отырған Айтпанбетова Қарлығашқа, Ералиева Әсемгүлге отбасында ынтымақ пен бірлік орнату жолына, әйел бақытына байланысты сұрақтар қойды, сұрақтарға берілген жауаптар көпшіліктің көңілінен шықты. Жақсыкүл апа 70 жылдық мерейтойында Өзіне жабылған ақ орамалдарын Қарлығаш пен Әсемгүлдің иықтарына жапты. Мұнан соң, елге сыйлы, көп балалы ауылдың аналары: Дәулетбаева Айзада, Әбілтаева Раушан, Байдүйсенова Арзан аруларға сөз берілді. Апалар ауыл тұрғындарын, әсіресе әйелдерді күйеулерінің алдында сыйлы болуы, ұл-қыздарының тәрбиелі болып мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті, жас отбасы кездеріндегі тәжірибелерінен естеліктерін айтты, жас отбасыларына кеңестерін айтты.
Жиынды аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.А. Тайтелиева

«Отбасы құндылықтары.Зорлық-зомбылықсыз отбасы — бақытты отбасы»

Алдыңғы

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі!»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *