Қоғам

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі!»

0
«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, ішкі саясат бөлімі, аудандық «Іскер әйелдер» қауымдастығы, Қараспан ауыл округі әкімі, аудандық Полиция, аудандық Мәдениет үйі, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып кезекті кездесу Қараспан ауылында өтті.
Кездесуге ауыл тұрғындары, ауыл билері, қоғамдық ұйым жетекшілері, учаскелік полиция қызметкерлерімен қатар, түрлі құқықбұзушылықтарға барған азаматтар қатысты.
Жиынға қатысушылар тақырыптық арнайы әзірленген бейне ролик, кітап көрмесін тамашалып, бюллетень-буклеттер таратылды.
Жиын барысында аудандық Полиция бөлімінің қызметкері-Ж.Мұратбекова отбасындағы зорлық-зомбылық орын алған құқықбұзушылықтар бойынша заң талаптарының қатаңдатылғанын түсіндіре отырып, көпшілікті заңбұзушылықтар деңгейін төмендету мақсатында бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік сүйемелдеу секторының» жетекшісі- Айнур Құрмашева аудандағы отбасылық зорлық-зомбылық құқықбұзушылық жайында және алдағы міндеттер туралы баяндады.
Сонымен қатар, Батырата ауылындағы І.Есенберлин жалпы орта мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шыққан Н.С.Сенбек отбасылық ұстанымы, бала тәрбиесі, қыз тәрбиесіне байланысты ойларымен бөлісті. Зейнеткерлік жаста болса да ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген Ұ.Бейсенбай отбасында бала тәрбиесіне мұқият болу, тәрбиеде әрбір ата-ана сөзімен емес, күнделікті іс әрекеттерімен тәрбиелегені дұрыстығын айтты. Ауыл округінің іскер әйелдерінің төрайымы МҰСА Жұмакүл Шалданбайқызы өз отбасындағы ынтымақ пен бірліктің орнауына, бала тәрбиесіне жасаған еңбектерін баяндады.
Ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауданның құрметті азаматы А.Күдербекұлы жиынның маңыздылығын ескеріп, мәселенің өзекті мәселе екенін және де бұл мәселені күн тәртібінен түсірмей, ауыл — ауылда ұйымдастырса деген ұсынысын білдіріп, отбасындағы зорлық-зомбылық жайы біржақты қаралмағаны дұрыс екенін атады.
Кездесу барысында ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары жиынға қатысушыларға ән-күй тарту етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Зорлық-зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі»

Алдыңғы

«Зорлық- зомбылықсыз отбасындағы тәрбие — ұлттың жарқын болашағының кепілі»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *