Қоғам

ТУҒАН ЖЕР ТАБИҒАТЫМЕН КӨРІКТІ

0

Табиғат – адамзатқа қажетті барлық материал­дық игіліктің бір­ден-бір қайнар көзі. Өкінішке орай ол кедейленіп барады. Бұл дүние жұрт­шылығын алаңдатуда. Табиғат бай­лықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіретін, бағдарлайтын халық­аралық ұйым – Дүниежүзілік табиғатты қорғау орта­лығы 1948 жылы құрылған. Осы одақ құрып бара жатқан немесе қатары күрт кеміп кеткен аңдар мен құстарды және өсімдіктерді қорғау комис­сиясын құрды.

Комиссия 1948-1958 жылдар аралығында сирек ұшырасатын аңдар мен құстар және өсімдіктер жөнінде мәліметтер жинап, олардың ішінен жедел қорғауға алуға тиістілердің тізімін жасады.
Тізім-құжат «Қызыл кітап» деп аталады. Оның «Қызыл» аталуы, кітаптың қан қызыл түсі дүниежүзі халықтарына: «қатары сиреп кеткен, тіпті, біржола жойылып кетуге жақын тұрған мына жануарлар мен өсімдіктерді қорғаңдар!,- деп дабыл қағып тұрғандай.
Ал, 1975 жылы КСРО құрамындағы Қазақстанның «Қызыл кітабы» шығарылды. Дүниежүзілік халықаралық таби­ғат қорғау одағы, қоршаған ортаны қорғау жөнінде Бірі­ккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасымен 5 маусым – Бү­кіл дүниежүзілік табиғатты қорғау күні болып белгіленді.
Міне, 75 жылдан бері бүкіл әлем қоршаған ортаны қор­­­ғау күнін атап өтуде. Ал, өзіміз туып-өскен Ордабасы ау­да­ны өңірінде Арыс, Боралдай өзені жағалауындағы су қо­рық­­тық жерде жайқалып өсіп тұрған жасыл желек, орман-то­­ғай алқаптарымыздағы табиғаттың көркі көздің жауын ала­ды.
Осы табиғат байлығын, жасыл ағаштар мен өсімдіктерді, жан-жануарларды, балық қорларын қорғау – біздің ең басты парызымыз әрі міндетіміз. Осымен қо­са айта кететін бір жайт, біреу білсе, біреу білмес дерек, ауданымызда 5 ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы көлемі 2 767 гектар. Онда республикалық және жергілікті маңызы бар қорықтар орналасқан.

Соның көлемінде «Тесік там», «Састоғай» ерекше қорғалатын табиғи-ботаникалық, био­логиялық аймақ. Аудан орталығынан 35 ша­қырым қашықтықта орналасқан, жалпы жер көлемі 250 гектар, орман-тоғай алқабы 200 гек­тар, Боралдай елді мекеніндегі табиғи қо­рықтың көлемі 50 гектар. Қазақстанның «Қы­зыл кітабына» енген жауқазын қыз­ғал­дағы, тюльпан Грейга, Кауфман сарғал­да­ғы Қызыл­сеңгір елді мекенінде, Тораңғыл ағашы Арыс өзе­нінің жағасында өсіп тұр. Келесі ерекше қорғалатын ай­мақ­­тың бірі – 1998 жылы ашылған Темірлан Ден­дро­ло­гия­лық саябағы. Онда ағаштың көптеген түрі жай­қа­лып тұр.
Қорыта айтқанда, туған жер табиғатымен көрікті. Та­би­ғат – халық қазынасы. Оны қорғау, аялау – бәріміздің аза­маттық борышымыз. Ендеше, оны ту-талапайға салуға бол­майды!
Табиғаттың байлығы адам үшін жаралған,
Әлемдегі тіршілік жалғыз содан нәр алған.
Артығы жоқ, кемі жоқ, бір-біріне тәуелді,
Аң да, кұс та, бәрі қажет саналған.

Құдай бар деп санасаң, оның өзі табиғат,
Туған жердің келбеті байқап тұрсаң бір ғажап.
Ештеңе жоқ әлемде табиғаттан тысқары,
Егер оны бүлдірсең, зардабы көп алапат.

Сондықтан да бүлдірмей, табиғатты қорғаңдар,
Аман болсын әрқашан ауа мен су, ормандар.
Ғасырларға жеткізді ата менен бабамыз,
Болашақты ойламай, еш дәрменсіз тұрмаңдар!

Жан-жануарлар дүниесі, әлемдегі тірі
тіршілік иесі – Адамзат!

Экология өмірдің
Соғып тұрған жүрегі.
Ей, табиғат, балаңмын,
Болашаққа алаңмын.
Амандығын ғаламның
Денсулығын адамның,
Бір Алладан сұраймын,
Мен эколог маманмын.
Туған жеріміздің табиғатпен көрікті екендігін ұмытпайық, ағайын.

Молдабай БҮКШЕБАЙҰЛЫ,
ауданның Құрметті азаматы, зейнеткер эколог, ғалым-агроном, орманшы-тілші.

Еңбек адамы БӘРІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАН БАСТАЛЫПТЫ

Алдыңғы

МЕН ҰШҚАН ҰЯ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *