Қоғам

«Отбасы құндылықтары.Зорлық-зомбылықсыз отбасы-бақытты отбасы»

0

«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігімен аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, Шұбар ауыл округі әкімімен бірлесе отырып, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы құндылықтары.Зорлық-зомбылықсыз отбасы-бақытты отбасы» тақырыбында кездесу жиыны өтті. Іс-шараны Шұбар ауылының кітапханашысы Әсем Ешмұрат жүргізді.

Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Тайтелиева ашып, тақырыптың маңыздылығы мен мақсатына тоқталды. «Ордабасы ауданының құрметті азаматтары», зейнеткер ұстаздар- З. Маханова, Р. Ертаева және ауданның»Құрметті азаматы», Ауданның іскер әйелдер ұйымының төрайымы А. Рахиева отбасы құндылығы, отбасындағы тәрбие, отбасының, әйелдің бақыты туралы айтты. Аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Арсен Ахметов, ауыл округ әкімі Мурат Елшібаев, «Аяна» балабақшасының құрылтайшысы Әбутәліп аға, ауыл округі әйелдер кеңесінің төрайымы С. Бедебаева, Әлеуметтік сүйемелдеу секторының жетекшісі А.Құрмашева отбасының ынтымағын мен бірлігіне, ұрпақ тәрбиесіне байланысты өз ойларымен бөлісті. Ауылдың үлгілі отбасылары қатарындағы Қанаев Әмзехан аға мен Піралиева Ұлзейнет апа Кәденов Қасымбек, Кәденова Мырзакүл апалар өздерінің өмір, еңбек жолдарын баяндап, ұл-қыздарының тәрбиесіне ерекше көңіл қойып, жақсылардан үйренуді, сабақ алуды естен шығармағанын атады, отбасы атынан Ұлзейнет апа үлгілі отбасының отағасы, «Аяна»балабақшасының құрылтайшысы Әбекеңнің иығына шапан жапты. Ауылдың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген бірқатар азаматтарына аудандық мәслихаттың, «Аманат» партиясының, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық әйелдер кеңесінің, ауыл әкімінің марапаттары тапсырылды. Ауыл әкімдігінің атынан М.Елшібаев қонақтарға құрмет көрсетіп аналардың иықтарына ақ орамал жапты.

Кездесу жиынына қатысушыларға буклеттер таратылды, тақырыптық роликтер көрсетілді, Жусансай, Шұбар ауыл кітапханаларының дайындалған кітап көрмесі тамашаланды. Кездесуді жүргізіп отырған Ә. Ешмұрат өзінің ұлымен тамылжытып ән салды.Балабақша ұжымы дайындаған «Өмір ағашы»көлеңкелі қойылымы көпшіліктің көңілінен шықты. Кездесу жиынына қатысушылар осындай жақсы шараны ауыл тұрғындарымен, әсіресе жастармен жиірек өткізуді ұсынды.

«Отбасы құндылықтары. Зорлық зомбылықсыз отбасы- бақытты отбасы»

Алдыңғы

«Отбасы құндылықтары. Зорлық-зомбылықсыз отбасы- бақытты отбасы»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *