«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігімен аудандық мәслихат депутаттарымен, аудандық ішкі саясат, Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Полиция, Жастар ресурстық орталығымен, Шұбарсу ауыл округі аппаратымен бірлесе отырып, облыстық даму басқармасының қолдауымен ауылдық Мәдениет үйінде «Отбасы құндылықтары. Зорлық зомбылықсыз отбасы- бақытты отбасы» тақырыбында кездесу жиыны өтті. Кездесу жиынын аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Тайтелиева ашып, отбасының құндылықтарына, ата- баба дәстүрлеріне, отбасы ынтымағының құндылығын, змаңыздылығын атады. Жиынды ұйымдастырудың себебі мен мақсатына тоқталды. Аудандық Полиция бөлімінің қызметкері Ж. Мұратбекова ауданда және Шұбарсу ауылында орын алған қылмыстарға, отбасындағы келіспеушіліктерден туындаған құқықбұзушылық әрекеттер мен қылмыстарды баяндады, заң талаптарының өзгерістерін түсіндірді.
Отбасында орын алған қылмыстардың деңгейі бойынша облыста аудан алдыңғы қатарда, оның ішінде Шұбарсу ауылының көрсеткіші жоғары екендігін атады. Сүйемелдеу секторының жетекшісі А.Құрмашева отбасындағы зорлық пен зомбылықтан зардап шеккен әйелдермен жүргізілген жұмыстарды, жасалған әлеуметтік көмектерді айтты. Осы әйелдердің арасында көпбалалы аналардың барын, күйеулерінің ішімдікке әуес, жұмыс істемей, табыс табуға ниетсіздеу болғанын атады. Ауылдың әйелдер кеңесінің төрайымы Қ. Есенбекова атқарылған жұмыстарды баяндады.Ауылдың үлгілі отбасылары Сыбанова Әшірхан, Базарбаев Нышанбай,Төленов Әуезхан,Оразымбетов Дәулет,Әлхожаев Әбдіразақ,Әзиев Иманқұл ағалар жұбайларымен сахна төріне шақырылып, лебіздері тыңдалды, ауыл әкімінің орынбасары АМАН Ғабиттің ұйымдастыруымен ағалардың иықтарына шапан, аналарға ақ орамал жабылып, құрмет көрсетілді.Ғабит Оразымбетов өзінің отбасының атынан үлгілі отбасылардың отаналарына сый- сипаттарын жасады.
Аудандық мәслихаттың депутаты Ғ.Оразымбетов халық сенім білдірген азамат ретінде елдің тыныштығы мен ынтымағына байланысты мәселелерді бірлесіп жүргізуге шақырды. «Б.Нұрлыбеков» ЖОМ директоры, аудан әкімінің отбасы және гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Ж.С. Ақылбекова, ауылдың ақсақалдар кеңесі төрағасы Төленбай Мырзақұл аға, «Megikal center Shubarsu» ЖШСнің басшысы-А.Т.Қарабаева талқыланып отырған мәселенің маңызды мәселе екенін атады. Қоғамдық ұйымның бастамасына қолдау танытып ұжымдарда, жастардың арасында насихаттауды ұсынды. Қонақтарға естелік сыйлықтарын табыстады.Кездесу жиынында тақырыптық буклеттер таратылып, роликтер, концерт тамашаланды, естелікке суретке түсті.
Comments