«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, аудандық орталықтандырылған кітапхана, аудандық мәдениет үйімен, аудандық Полиция, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, Жастар орталығында «Отбасы құндылықтары. Зорлық-зомбылықсыз отбасы-бақытты отбасы» тақырыбында кездесу жиынын ұйымдастырды.
Кездесуге қатысушылар тақырыптық кітап көрмесі мен роликті тамашалады, буклеттермен танысты.
Кездесуді аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г. ТАйтелиева ашып, жүргізді.
Аудандық кітапхана қызметкерінің тақырыптық баяндамасы тыңдалды, әлеуметтік сүйемелдеу бөлімі меңгерушісінің аудандағы отбасылық зорлық-зомбылықтың жайы мен оның алдын алу шаралары, аудандық Полиция қызметкері отбасының ынтымағын, бірлігін сақтауға бағытталған қолданыстағы заңдардың талаптарын түсіндірді.
Кездесуге арнайы шақырылған, медицина саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққаннан соң ынтымақты отбасында берекелі кәсібін дөңгелетіп отырған Көктөбе ауылының тұрғыны ТӨЛЕНТАЙ Закира, Саз мектебінде ұзақ уақыт қызмет жасаған, мектеп гимназияның ұстазы, бақытты отбасында ұлағатты ұл-қыз тәрбиелеген Сүйінова Халима, самбодан Қазақстанның 11 дүркін, Азияның 5 дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері, спорт шебері — БИЗАҚ Маржан Мұратқызының анасы ПАРЖАН Гүлзира отбасының татулығын сақтауға, бала тәрбиесіне жасаған еңбектері мен ұл-қыздарының жетістіктерін мақтанышпен әңгімелеп, жиынға қатысушылардың ризашылықтарына бөленді. Қонақтарға, Қажымұқан ауыл округі әйелдер кеңесінің демеушілігімен, құрмет көрсетілді. Мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы тамашаланды.
Comments