Ақпарат ағыныҚоғам

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

0

Адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді ғасыр дертіне қарсы мәдениет деп айтамыз. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — азаматтық позиция. Жемқорлықтан аулақ болу құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді. Олар жемқорлықты зұлым ретінде тану, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін қоғам өмірінің кез келген салада деңгейлерін төмендету үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керек.

Сондай-ақ өсіп келе жатқан жастардың бойында қоғамға жат әрекетке қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек. Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруымыз, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеуіміз керек. Азаматтардың өз құқық­та­рын жақсы білуі қоғамдағы ғасыр дертіне қарсы мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін фактор болып табылады.
Еліміздің әрбір азаматы өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті заңды тиімді қолданса, еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатырынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
Жалпы айтатын болсақ, отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс-әрекеттің өзегі ретінде адал еңбеккерлікке тәрбиелеу дәстүрі әрқашан болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс-әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс.

М.ЗЕЙНЕТОВА,
аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

Құрылтайдан кейінгі ой АДАЛ АЗАМАТ БОЛУ БӘРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ

Алдыңғы

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *