Басты ақпарат

«ОҢТҮСТІК ҰСТАЗДАР ҰСТАХАНАСЫ» –ОҚМПУ

0

Оңтүстіктегі іргелі білім ордасы– Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне биыл 85 жыл толып отыр. Осынау  жылдар  ішінде оқу ордамыз сан  мыңдаған жастардың  өмірден өз орындарын  адаспай таба  білуіне  жол  сілтеп, бағыт-бағдар  беріп  келеді.
Университетіміз адамның  өміріне  жетерлік  білім  берумен  шектелмей, өмір  бойы білім алу  керектігіне  көз  жеткізуді, сол  арқылы өмір қиындықтарын жеңе білуге, өмірден өз  орнын таба білуге,  бәсекелестікке қабілеттілігіменжеңе  білуге  үйретуді мақсат етеді.

Университетіміздің миссиясы: білім саласындағы озық тәжірибелер негізіндеадами капитал мапасын арттыру. Стратегиялық мақсаты: жаңа форматтағы білім беру және ғылым хабына айналу.

Шетел тілдері кафедрасы -Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белді кафедраларының бірі.Кафедрамыздың өткеніне  қысқаша  тоқталсақ,кафедраның құрамы ағылшын және неміс тілдерінің оқытушыларынан құрылды. Кафедра тарихында  Р.С. Кратцев, Р.В.Стеле, В.Г.Лобин, Ж.Тұнғатаров сияқты атақты ғалымдардың атқарған қызметі зор.1994-2019 жылдары кафедраны филология ғылымдарының кандидаттары Н.А. Авазбаев, И.С.Шохахов,  А.М.Қарақұлова  басқарды.

Н.А. Авазбаев, ф.ғ.д., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған жылдары  көптеген ізденушілердің  ғылыми кандидаттық диссертацияларына жетекшілік жасап, ізденушілер абыроймен диссертацияларын қорғап шықты.

А.М. Каракуловаф.ғ.к., Ұлыбритания, Бангор университетінде «Вербалды және вербалсыз коммуникация арқылы Еуропа және Азиялық этиникалық топтары арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынастар» атты жоба бойынша ғылыми тағылымдама өтіп өз тәжірибесімен кафедра оқытушыларымен бөлісті.

85 жылдық тарихы бар  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университінің шетел тілдері кафедрасы оңтайландыру мақсатында бірнеше рет ағылшын тілі кафедрасымен біріктіріліп, кейін қайта  жеке кафедра болып өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі кезде кафедраны А.К. Дилдабекова басқарады.

Бүгінгі  таңда, университетіміздің ректоры Сүгірбаева Гүлжан Даулетбекқызының басшылығымен оқытушы профессорлар құрамының дайындығы мен ғылыми, кәсіби деңгейін арттыруына орасан зор мүмкіндіктер жасалынуда. Кафедраныңпрофессор-оқытушы құрамы Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыруұлттықорталығында «Заманауи педагогикалық технологиялар» білім бағдарламасы  аясында, Абылайхан атындағы ҚХҚжӘТУ «Педагогика мамандығының оқытушыларынашетел тілін оқыту курсы» негізінде, Астана  қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығында біліктілік арттыру курстарынан өткен. Атап айтқанда, шетелде А.К. Дилдабекова,

М.С. Сұлтанмұрат (Ньюкастл, Англия) білімін жетілдірді.  Сонымен қатар, 2021 жылы кафедра оқытушылары Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірге виртуалды оқыту “English Language Teaching  methodology and content development of online classes”  атты семинарына қатысып сертификат алды.

Кафедрада тәжірибелі ұстаздар еңбек етеді. Кафедра  оқытушысы Қиясова Қ.Қ. 2020 жылдың тамыз айында ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты және «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2020» төсбелгісімен және 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Болгария және Малайзия мемлекеттерінде ағылшын тілін үйрету әдістемесі бойынша біліктілігін арттырған. «Қазақстан педагогтарының 100 жаңа есімі – 2022» атты Республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанып 1-дәрежелі диплом және төсбелгісімен марапатталды.

«ОҚМПУ-ға 80 жыл» төсбелгісімен кафедра оқытушылары Қ.Қиясова, А.К. Дилдабекова, Н.Т. Барысова, А.А. Бейсенбаева,М.А. Тайтелиева, Л.Т. Исаховажемісті еңбектері үшін марапатталды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында: ғылым кандидаттары  Қ.Қиясова, Л.Қарабаева, PhD докторыМ.С. Сұлтанмұрат, тәжірибелі аға оқытушылар А.К. Дилдабекова,М.А. Тайтелиева, Л.Т. Исахова, Г. Сұлтанова, Ф. Артықбаева және магистр-оқытушылар А.Мұсабекова, А. Даулетова,А. Ералиева, Қасымбекова Л.Ш., Мұратова М.,Алипбекова Ф., Сандыбаева А.Г., Шарахымбай А.К., Момбекова Ш.,Кангилова Р.Б. жемісті еңбек етуде.

Кафедра «Заманауи білім беру технологиясы аясында ЖОО-дағы шетел тілі сабағында мобильді оқыту және аралас оқытуды қолдану» ғылыми және әдістемелік бағытта  жұмыс атқарады.Осы бағытта Қ.Қ. Қиясованың Л.Қарабаеваның, А.К. Дилдабекованың ғылыми мақалалары Импакт факторы жоғары индекстелетін ғылыми мақалалар (SCOPUS базасында)  басылымдарында жарық көрді.

Кафедра оқытушылары университеттің 33 білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс  студенттеріне «Шетел тілі» пәнінен сабақ жүргізеді.Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде кафедра оқытушылары  өз үлестерін  қосуда.

Шетел  тілдері кафедрасы  Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуді мақсат етеді. Кафедрада білім алушылардың ағылшын тілінде ауызекі тілін дамыту және  мәдениетаралық қарым-қатынастарын дамыту үшін «English club» клубы жұмыс істейді.Үйірме жұмысы барысында қатысушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас ерекшеліктері және сөйлеу машығын артуда.

Кафедра дәстүрлі түрде университеттің білім алушылар  арасында ағылшын тілінен олимпиада өткізеді. Кафедра оқытушыларының басшылығымен студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық деңгейінде конкурстарға қатыстырылады.

Педагог мамандығы адамнан жан-жақты білімді, шексіз жан жомарттығын, балаларды асқан бір даналықпен сүйе білуді талап етеді. Мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып, Ян Амос Коменский оны «күннің астында одан биік ешнəрсе жоқ», ең құрметті, ең артық мамандық деп санаған. «Күн астында  теңдесіз»  баға берілген  мамандық  иелері,  ұстаздар, осындай  қиын  да, қызықты  шәкірт оқыту, тәрбиелеу жолында  баршаңызға  табыс тілейміз.

Кафедра оқытушылары  «Ағылшын тілі» Олимпидасының  жеңімпаздарымен бірге

 

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

“Дін мен дәстүр сабақтастығы” тақырыбында танымдық семинар өтті.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *