Басты ақпарат

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “БАСТЫ МІНДЕТ-АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН АРТТЫРУ”

0
⚜️ Аудан әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, ауданда 2023 жылы атқарылған негізгі жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.
ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫ
🔸2023 жылы өнеркәсіп саласындағы өнімінің көлемі 33,2 млрд. теңгені құрап, 6,5 пайызға артты (НКИ). Құны 6,5 млрд.теңгені құрайтын 5 жоба, 230 жұмыс орнымен жүзеге асты.
🔸2024 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 37,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, өңдеу өнеркәсібінде өндіретін өнім көлемін 32,6 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Слнымен қатар, осы жылы инвестициялық құны 37,7 млрд.теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асып, нәтижесінде 1 212 жұмыс орны құрылатын болады.
🔸 Өткен жылы ауылшаруашылығы саласында 75,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,4 пайызды құрады. Егіс көлемі алдыңғы жылмен
(2022 ж.) салыстырғанда 2 003 гектарға артып, 71 556 гектарға жетті.
«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 408 гектарға 141 жоба жүзеге асырылып, 16 403 тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды. Сондай-ақ 6 634 гектар жерге мақта дақылы егіліп, 21 900 тонна өнім жиналып, орта түсімі гектарына 33 центнерді құрады. 2023 жылы 1 031 гектарға су үнемдеу технологиясы ендірілсе, оның 501 гектарын тамшылатып суғару, 530 гектарын жаңбырлатып суғару жүйелері құрады.
Ауданда 109 га жерге жылыжай орналасса, оның 21 гектары өндірістік, 84,9 гектары фермерлік жылыжайлар.
41 жылыжай (29,76 га) көмір отынымен жылытылады. 2023 жылға 6 980 тонна көмір алынып, толық қамтамасыз етілді.
2023 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 75,6 млрд. теңгеге орындалды.
🔸 2024 жылға агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша ауылшаруашылығы жалпы өнім көлемін 83 млрд. тг. арттыру, негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемін 10,1 млн. тг. арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, игерілетін егістік жер көлемін 71,6 мың га жеткізу, өнімділікті арттыру мақсатында су үнемдеу технологияларын қосымша 1 400 га ұлғайту, терең қопсыту әдісін 10 мың га ендіру көзделген. Одан бөлек 21 га жылыжай алаңдарын салу, сиымдылығы 50 мың бастық бөдене ұстау обьектісін ашу, сиымдылығы 3,0 тн құрайтын жеміс-көкөніс сақтау қоймасының құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНБАҚ

Алдыңғы

Эрджиес: Анадолының шыңындағы шаңғы орталығы

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *