Басты ақпарат

ORDABASY: МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНБАҚ

0
⚜️ Бүгін ауданға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, облыс әкімінің орынбасары және бірқатар еріктілер келді.
⚜️ Олар Төрткүл (300 орындық), Қызылжар (300 орындық) және Шұбарсу (600 орындық) елді мекендеріндегі төрт жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған мектептердің жай-күйін көрді.
⚜️ Аталған нысандардың құрылысы мердігер компаниялардың кесірінен тоқтап қалған. Қазіргі таңда мердігерлермен келісім шарттар бұзылған.
⚜️ Бүгінгі таңда мектептердің құрылысы облыстық құрылыс басқармасы тарапынан қайта қолға алынып, жаңадан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысымен жеңімпаз мердігерлер анықталып, қайта келісім шарттар түзілген. Жуық арада құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.
⚜️ Өз кезегінде бұл нысандардың құрылысының сапалы жүргізіліп, мерзімінде аяқталуына аудан әкімдігі Антикор еріктілермен бірге қоғамдық бақылауды тұрақты түрде жүргізетін болады.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: ІСІ ДАРА ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “БАСТЫ МІНДЕТ-АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН АРТТЫРУ”

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *