Ақпарат ағыны

Ordabasy: 25 күнде үй жағдайында саңырауқұлақ өсірген бала агроном

0
Темірлан ауылының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты.
Еңбекқор жас бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылығы артқан.
Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы Төрткөл ауылдық округінде аталған кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер талабы таудай жасқа өз білгенін үйреткен.
Осылайша өзіне керекті ақпарат алған Дінмұхамед саңырауқұлақ өсіруге бар ынты-шынтысымен кірісіп, нәтижесінде 25 күнде дайын өнім алған. Алдағы күндері бала агроном үй іргелік жерінен жылына 4 өнім алмақ. Тіпті, мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алу арқылы кәсібін дамытуды көздеп отыр.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрлыханова Кубогы: Қазақстан қыздары екі «алтын» алды

Алдыңғы

Ordabasy: Аудан әкімі Қажымұқан мектебінің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *