Басты ақпарат

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

0

Жуырда аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Оған аудандық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Әлиасқар Байдуллаулы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, тиісті дербес бөлім және мекеме басшылары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Фракция мәжілісін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракция жетекшісі Ә.Бердімұрат ашып, жүргізді, Фракция отырысының күн тәртібінде:

1.«Ауыл аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша аудандық ауыл шаруашылығыжәне жер қатынастары бөлімі басшысы Б.Алтынбековтің есебі;

2.Аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары және «AMANAT» партиясы Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының орындалуы туралы есебі.

3.Әлеуметтік желіде жарияланған Бадам ауыл округіндегі Ұзынбұлақ, Қылышбұлақ, Баянбұлақ және Таңбалыбұлақ ауылдарындағы ауыз су мәселесі бойынша «Таза су» МКК басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Мұсахановтың есебі.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалар баяндама жасады. Отырыс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарапынан баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, қаулы қабылданып, олардың орындалуы бойынша аудандық партия филиалына мерзіміне сәйкес мәлімет беруін тапсырды.

УНИВЕРСИТЕТ И УСТОЙЧИВОЕ РАЗВИТИЕ: РИСКИ И ВОЗМОЖНОСТИ

Алдыңғы

Түркия туризмі туралы кездесу

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *