Басты ақпарат

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН АТҚАРЫЛҒАН  ЖҰМЫСТАР

0

Өткен жылы «AMANAT» пар­­тиясы Ордабасы аудан­дық филиалының баста­ма­сымен және тікелей ұйым­дастыруымен ауданымызда маңызды жобалар жүзеге асты.
Ауданда 3872 партия мү­шесін біріктіретін 12 бас­тауыш партия ұйымы бар.
Қоғамдық қабылдау бөл­мелеріне 560 арыз-өтініш келіп түссе, оның 411-і, 73,4 пайызы – оң шешімін тапты. 149-на немесе 26,6 пайы­зына заң аясында кеңестер берілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Рес­­­публикасы Парламенті Мә­жілісінің және барлық дең­­гейдегі мәслихат д­е­пу­тат­­тарының сайлау науқаны ке­зінде қоғамдық қабылдау бө­л­месіне сайлау­шылар­дан келіп түскен мәслихат де­­путаттарының бақы­лауын­­­­­­­дағы 58 өтініштің 37-і, 64 пайызы орындалып, 21-не немесе 36 пайызына түсінік­те­ме берілген.
Партиялық бақылау ко­миссиясының 7 отырысы өт­кізілді. Онда 11 мәсе­ле қаралып, 8 ұсыныс бе­рілді. Бүгінгі таңға 8-і орын­дал­ды.
Ауданымыздағы құры-лысы басталған 5 нысанға пар­тиялық бақылау бекет­тері орнатылған. Олар: Төрт­күлдегі жаңа 300 орын­дық мектеп құрылысына, Қы­зылжардағы 300 орындық қосымша мектеп құры­лы­сына, Шұбарсудағы 600 орындық мектеп құрылы­сы­на, жайлы мектеп құрылыс жұмыстары жаңадан бас­талған Ақбұлақ елді ме­кеніндегі 300 орындық ме­ктеп құрылысы және Көл­тоған ауылындағы Ерна­за­ров атындағы жалпы ор­та мектептің күрделі жөндеуі. Атал­ған 5 нысан да 2024 жылға өтпелі. Аталған білім ошақтарының құ­рылыс­та­рына аудандық партия филиалы тарапынан тұрақ­ты түрде мониторинг жұ­мыс­тары жүргізілуде.
Ауданда «Ауыл ама­наты» пилоттық жобасын іс­ке асыру бағытында 4 ауыл округінен жалпы 359 жоба тапсырылып, оның 261 жо­басы мақұлданды. Жалпы қаржыландырылғаны 261 жоба, берілген несие 1 721 640,0 мың теңге.
«AMANAT» партия­сы­ның «Халықпен бірге» атты Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға ар­нал­ған сайлауалды бағдар­ла­ма­сының Жол карта­сын­да 2023 жылға 48 іс-шара жос­пар­ланған. 2023 жылға жос­пар­ланған барлық тар­мақ­тар мен тиісті межелер мер­зі­мінде әрі сапалы іске асы­рыл­ғанын атап өткен жөн.
Аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фрак­ция­сының 5 отырысы өткі­зіліп, партияның сайлауал­ды бағдарламасы Жол кар­тасының орындалуы бойын­ша жауапты 9 лауа­зымды тұлғаның есептері тыңда­лып, тиісті шешімдер қабыл­данды. Сондай-ақ, фракция оты­рысында сайлауалды бағ­дар­ламаның орындалуы бойын­­ша аудан әкімінің де есебі тыңдалды.
Ауданда партия филиалы “Halyk bankімен” бірге халық­тың қаржылық сауаттылығын арт­тыру мақсатында оқу семи­нарларын өткізді. Нәти­жесінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ауданда 805 адам оқытылып, қолдарына сертификаттарын алды.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында «Балаларды мек­тепке даярлайық» акциясы өткізіліп, 70-ке жуық балаға мек­теп құралдары мен спорт­тық киімдер берілді.
«Ардагерлерді ардақ­тайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагері Мұра­тов Қалмен атаны Ұлы Жеңіс күнімен құттықтадық. Соны­мен қатар 1-қазан халық­ара­лық қарттар күні мере­ке­сіне орай «Қарттарын қадір­ле­ген ел ардақты» атты тақы­рып­та бас­тауыш партия ұйым­да­рын­да іс-шаралар өткізіліп, қарт­тарға құрмет көрсетілді. Сон­дай-ақ, барлық бастауыш пар­тия ұйымдарында сен­біліктер мен жалғызбасты қарт­тардың аулаларын таза­лау жұмыс­та­ры тұрақты жүргі­зілуде.
«Кедергісіз келешек» жо­басы бойынша өткен жылы 10 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 8-і бейімдеуден өтті.
Ордабасы ауданы бойын­ша «AMANAT» партиясының фракция мүшелері жалпы 28 депутаттық сауал жолдаған. Оның 19-ы орындалып, қалған 9 сауал орындалу үстінде.
Қолға алынған жұмыстар­дың барлығы дерлік «AMA­NAT» партиясының сай­лауалды бағдарлама­сында көрініс тапқанын, оған фрак­ция депутаттарының да қол­дау көрсетіп, атса­лыс­қанын айта кеткен жөн.
Жалпы былтыр атқа­рыл­ған жұмыстар аз емес, алда атқарылар жұмыстар одан да көп деуге болады.
Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Кемелұлы То­қаев­тың ел тұрмысын жақ­сар­тудағы тапсырмаларын орын­дау арқылы біз алдағы уа­қыт­та ауданымыздың жос­пар­ла­ры мен мақсат-мін­­­дет­те­ріне орай аймақ да­муын­да­ғы өзек­ті мәселелерді бірлесе шешіп, Қазақстанның гүл­де­нуі­не үлес қосамыз деп сене­міз.
Әлиасқар БЕРДІМҰРАТ,
«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты.

ІЗГІ ТІЛЕКТЕР

Алдыңғы

Стамбул жеке саяхатшыларға ұмытылмас тәжірибе ұсынады

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *