Денсаулық

ШОМЫЛУ ОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

0

Жаз келгеннен көпшілік су айдындарына қарай ағы­ла­тыны белгілі. Алайда, шомы­лу­ға рұқсат етілген арнайы орындарға барған дұрыс.
Жалпы демалыс орын­да­ры­на қойылатын са­ни­та­рия­лық-эпи­демио­логиялық та­лаптар ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шілдедегі «Коммуналдық мақ­саттағы объектілерге қойы­ла­тын санитариялық-эпи­де­-миологиялық талаптар» ҚР ДСМ-67 бұйрығымен айқын­дал­ған. Шомылу маусымы басталар алдында объектінің әкім­шілігі су қоймаларының суын санитариялық-хи­мия-лық, микробио­логия­лық, радио­логиялық және топырақ­қа паразитологиялық көр­сеткіштерге зерттеулер жүр­гізуді қамтамасыз етуі қажет. Жағажайлар оқшауланған учас­­кеде, гидроэлектр стан­ция­­лардан, сарқынды с­уларды жіберу орындарынан, малдың қорасынан алыста ор­налас­тырылады. Су айды­ны­ның түбі құмды, балдырсыз бо­луы ке­рек. Сондай-ақ, жа­ға­жай­лардың жағалау аймағын қауіпсіздік мақсатында объек­ті­нің әкімшілігі бақылап оты­рады. Жағажай аумағында күн­нен қорғайтын қалқалар мен орындықтар, шезлонгтар жаб­дықталады. Киініп-шешіну үшін 50 адамға арналған бір ка­бина есебімен жалпы немесе жеке кабиналар орнатылады.

Жағажайлардың аумақта­рын­да дәретханалар немесе био­­дәретханалар 75 келушіге бір орын есебінен орнаты­ла­д­ы.
Қоғамдық дәретханалар шо­мылу орнына дейінгі ара қашықтық кемінде 50 м және 200 м артық емес болуы тиіс. Қо­қыс жинауға арналған ур­налар 800 шаршы метр алаңға кемінде бір урна және жаға­жайдан 40 метр қа­шық­тықта орнатылады. Күн­делікті жа­ғажай жабылғаннан кейін жа­ға­лауды тазалау, киініп-ше­­­­ші­­-нетін орындарды, дә­ретх­ана­лар­ды тазалау, дезин­фек­ция­лау жүргізіледі. Жи­нал­­ған қал­дықтар дер кезінде шыға­ры­лады. Жағажайларда кір жу­уға және жануарларды шо­мыл­дыруға тиым салы­на­ды. Ішек ин­фекциясының алдын алу үшін жеке гигие­на­ны сақтау ке­рек. Ашық су қой­мал­арының суы ішуге жарам­сыз, сондықтан оны ішуге бол­майды. Жеміс­тер­ді, көкөніс­тер­ді, ыдыстарды жууға, ауыз қуысын шаюға бол­майды.

Сонымен қатар шомылу үшін бассейндерді пай­да­ла­на­ды. Бассейннің жүретін жол­дары, бассейннің түбі су өтпейтін материалдардан және ыл­ғалға, тазалауға қол­даны­ла­тын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құрал­да­ры­ның әсеріне төзімді болуы қа­жет. Бассейн үй-жайларында ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру орындары, се­безгі бөлмелері, санитариялық то­раптар, персоналға арналган тұрмыстық бөлмелер, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар болу керек. Бассейн суының та­залығын, шомылушылар мен қыз­меткерлер жеке бас гигие­насы ережелерін сақтау қажет. Бассейн суы рұқсат етілген жуу-тазалау және залал­сыз­дан­ды­рылу құралдарын қол­данып, уа­қытылы залалсыз­дан­дыры­луы тиіс.
Ересектерге арналған бас­сейн суының темпе­рату­ра­сы 24-25 градус және ба­ла­лар­ға арналған бассейн суы 30-32 градус болу қажет. Шомылудан кейін жағымсыз салдардың ал­дын алу үшін қарапайым же­ке гигиена ережелерін сақтау ке­рек, яғни бассейнге түскенге дейін және кейін душ қабыл­да­ған жөн.
Сондай-ақ, су айдын­да­рын­да шомылуға тыйым са­латын ар­найы ақпараттық белгілерге мұқият назар аудару керек!

Д.ӨМІРЗАҚОВ,
аудандық СЭББ-ның басшы орынбасары.

БАЛМҰЗДАҚ ЖЕГІҢІЗ КЕЛСЕ …

Алдыңғы

Мәслихат депутаттарының алғашқы форумы

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *