Денсаулық

БАЙЫТЫЛҒАН (ФОРТИФИКАЦИЯЛАНҒАН) ҰН

0

Технологиялық өңдеу кезінде ұнның құнарлығы азаяды.Ұнның құнарлығын қалпына келтірудің бір жолы — ұнды дәрумендер мен микроэлементтермен байыту (фортификациялау).
Фортификациялау-ұнды тарту кезі­нде дәрумендер мен минералдарды (примекс деп аталатын витаминді-минералды кешен) қосу процесі.
Фортификациялау өнімнің сапасы мен қоректік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәру­мендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттыра­ды, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құ­бы­лыстарды туғызбайды. Фортифи­кация­ланған ұнның сақтау мерзімі — алты ай. Ұн – көпшілік тұтынатын әмбебап және күнделікті өнім болып табылады. Осы себепті, бидай ұнының жоғары және бірінші сұрыптарын фор­тификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәсе­лесін шешуде қолайлы, тез және экономикалық жағынан тиімді.

Адам денсаулығына қауіпі бар мәсе­лелердің бірі – ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Адамның ас мәзіріндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәру­мен­дердің жет­кілік­сіз­дігі анемия, жүрек қан тамыры ауру­лары, ана мен бала өліміне себеп болады. Күн­делікті қолданыстағы тағам болғандықтан адам ағзасына аса қажетті темір, фолий қышқылы мен дәру­мен­дерді ұнға қосу тиімді әдіс болып табылады. Гемоглобин нормасы қалыпқа келу үшін байытылғын ұн мен нанды 1-2 жыл тұрақты тұ­ты­ну қажет.
Темір жетіспеушіліктің алдын-алу мақса­тын­да, ел аумағында сатылатын жоғары жә­не бірінші сортты бидай ұнын, құрамында те-мірі бар дәрумендер мен минералды және бас­қа да заттармен міндетті байыту (фор­тификациялау) көзделген.
Құрамы дәрумендер және минералды зат­тармен байытылған ұн өнімдерін күнделікті тұтынуды үрдіске айналдыруға мән бер­ге­ніңіз жөн.

Әсел ЕСЕНБАЕВА,
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ИММУНОПРОФИЛАКТИКАСЫ

Алдыңғы

БАЛМҰЗДАҚ ЖЕГІҢІЗ КЕЛСЕ …

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *