Денсаулық

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ИММУНОПРОФИЛАКТИКАСЫ

0

Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымы (ДДҰ) сарап­шы­ла­ры­ның бағалауы бойынша «Вак­­цинопрофилактика және та­за су – қоғамдық денсаулыққа әсер ететін бірден-бір шара­лар». Соңғы 150 жылда ДДҰ мә­лімет­тері бойынша әлемде адам­дардың өмір сүру ұзақ­ты­ғы 30 жылға артқан, оның 25-і вакци­нацияның арқасында.
Профилактикалық егулер күн­тізбесі немесе иммундау кестесі бойынша вакцинация – бұл белгілі бір ел үшін міндетті болып табылатын екпелердің нұсқау­лықпен бекітілген жас реттілігі. Әр елде екпе егудің өзін­дік бе­кітілген күнтізбесі және халықты оларға қарсы еге­тін инфек­ция­лық аурулардың тізімі болады.

Ұлттық жоспарлы про­фи­лактикалық екпе күнтізбесімен қа­тар эпидемиялық көр­сет­кіштер бойынша егу күнтізбесі де бар. Бұл егулер жеке ау­мақтарда немесе халықтың бел­гілі бір топтарына жасалады. Мәселен, тұмауға, кене энце­фа­литіне, туляремияға, күй­діргіге, құтыр­ма­ға қарсы егулер.
Қазақстанда республикалық бюд­жет қаражаты есебінен 11 ин­фекцияға: туберкулезге, диф­те­рияға, полиомиелитке, қы­зыл­шаға, эпидемиялық па­ро­титке, қызамыққа, сіреспеге, көкжөтел­ге, В гепатитіне, гемо­фильді инфекцияға және пнев­мококкты инфекцияға, сондай-ақ жергілікті бюджеттер қара­жаты есебінен А гепатитіне қарсы егу міндетті болып табылады.
Инфекциялық аурумен ауыр­ған адамдарда осы инфек­ция­ға қарсы иммунитет қалып­тасады. Бірақ науқас адамнан жұқтырған кезде инфек­ция­лардың көпшілігі ауыр және ас­қынулармен жүреді. Көбінесе ауру науқастың өлі­м­м­ен аяқ­т­алуы мүмкін. Соны­мен қатар, науқас адам инфек­ция­­ның көзі және таратушысы болады. Ме­дицинада мұндай адамдарды бактерия тасымалдаушылар деп атайды, ал екпе алғаннан кейін байқалмайды.
Вакцина зиянсыздығына, қауіп­­сіздігіне және тиімділігіне зерт­ханалық, клиникалық бақы­лаудан өтеді. Сонымен қатар, өн­діруші шығарған вакцинаның әр пар­тиясын тек­се­реді. Вак­цина оны қолданатын ел­де тіркелген кез­­де мұқият тексеру­ден өткізі­ле­ді.

Ағзаға бөгде зат болған­дық­тан, кез-келген вакцина жер­гілікті және жалпы реакцияны тудыруы мүмкін. Бірақ мұндай реакциялар вак­цина салынатын инфек­ция­лардың ас­қынуларына қара­ған­да мыңдаған есе сирек кез­деседі және олар аурудың сал­дарымен са­лыс­­ты­руға келмейді. Егуден кейін­гі пай­да бо­ла­тын реакция­лардың басым көп­шілігі ауыр емес және тез өте­ді. Бұл реак­циялар медицина қыз­мет­­­кер­ле­рінің бақы­лауында бола­ды.
Екпе егуден кейінгі реакциялар мен асқынулардың алдын алудың не­гіз­гі элементі – дәрігердің вак­ци­на­ция­дан бұрын баланың денсау­лық жағ­дайын бағалауы. Вак­ци­нация ал­дында дәрігер (немесе фельд­шер) баланы тексереді, дене қы­зуын өл­шейді, анасынан ша­ғым­дар­дың бар-жоғын, баланың ва­к­цинацияға уа­қытша қарсы көр­сеті­лі­мі­нің болуы мүм­кін жағдай­лар­ды, яғни жіті ауру не­месе со­зылмалы про­цестің өр­шуін, сон­дай-ақ тұрақты қарсы көр­се­тілім­нің себебі болып табылатын про­цес­терді жіберіп алмау үшін ал­дыңғы вакцинациядан қалай өткені тура­лы егжей-тегжейлі сұрайды. Егер еш­қандай қиындық болмаса, дә­рігер баланың дені сау және вакци­налауға рұқсат етілген деген қо­ры­тындысын ресімдейді. Бала­ның ана­сына дәрігер баланың қандай ин­фекцияға қарсы егіл­генін, вакци-нацияға қандай реак­циялар болуы мүмкін екенін және бұл ретте ана­сы не істеу керектігін түсіндіруге мін­­­детті. Вак­цинация алған бала им­му­­­нитетті да­мыту кезеңінде белсен­ді медици­налық бақылауға алы­на­ды.

Соңғы жылдары әлемнің түрлі ел­дерінің бұқаралық ақпарат құрал­дарында вакцинацияның қауіпсіз­дігіне күмән келтіретін жа­рияла­нымдар саны артты. Мұндай жалған айыптаулар адам­дарда негізсіз қор­қыныш тудырып, бір­қатар елдерде халықты вак­цинациямен қамтудың төмен­деуіне әкелді. Қазіргі уақытта ин­фекциялық аурулардың таралуы­мен күресудің жалғыз жолы вакци­нация екені бәріне белгілі.
Вакцинация көмегімен көптеген инфекциялық сырқаттардан бо­латын аурулар мен өлім-жітім санын едәуір азайтуға болады, ал кей­біреулері толығымен жойы­ла­ды (табиғи шешек, полиомиелит).
Қазақстанда жыл сайын ин­фек­циялық ауруларға қарсы шама­мен 5 млн. адам, оның ішінде 1,3 млн. бала егіледі. Иммуно­про­филактика сала­сынд­ағы мемлекеттік саясат инфек­ция­лық аурулардың алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда – оқ­шау­лауға және жоюға бағыт­талған.Халықты вакцинациялау Ұлт­тық ек­пе күнтізбесіне сәйкес тегін жүр­гізі­ле­­ді.
Балаларымыздың саулығы – бұл инфекциялар қаупінің бол­мауы, оған тек профилактикалық егулерді ке­ңі­нен жүргізудің арқасында қол жеткізілді.

Д.ӨМІРЗАҚОВ,
аудандық
СЭББ-ның басшы орынбасары.

МЕН ҰШҚАН ҰЯ

Алдыңғы

БАЙЫТЫЛҒАН (ФОРТИФИКАЦИЯЛАНҒАН) ҰН

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *