Басты ақпарат

ORDABASY: ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде алдағы мереке күндеріндегі қоғамдық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, бюджет қаржысының атқарылуы және салық түсімдерінің орындалуы пысықталып, аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Шұбар ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары мен жылдық жоспарының орындалуы жөнінде есебі тыңдалды.
Аудандық Полиция бөлімі жауаптыларының баяндамасына сүйенсек, жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан орталығы мен ауылдық округтерде учаскелік полиция қызметкерлері кезекшілікті күшейтіп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға сақадай сай. Жәнеде көпшілік ортада тұрғындардың тыныштығына кедергі келтіретін пиротехника (отшашу) қолдануға тыйым салынып, тәртіп бұзғандарға әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша шара көрілетіндігін жеткізді.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері округ әкімдеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Мерекеге орай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспанов та аталған бөлімнің дайындығы мығым екендігін баяндады.
Аудан әкімі Полиция бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімі, ауылдық округ әкімдері бірлескен түрде мерекедегі қоғамдық ахуалды қадағалауда ұстауды тапсырды.
Апталық мәжілісте аудандық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева аудан бюджетінің жылдық жоспар бойынша атқарылуы, салық түсімдерінің орындалуы кестеге сай жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
Аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов өз баяндамасында бөлімнің жылдық жоспары толығымен орындалып, білім беру, денсаулық сақтау саласы бойынша 2024 жылға ауыл, елді мекендерде бой көтеретін мектеп, ФАП ғимараттарының жобасы жөнінде ақпарат берді.
Аудан басшысы бөлімнің облыс деңгейінде бекітіп берген индикаторлық көрсеткіштерінің толық орындалуын қамтамасыз етумен қатар, жаңа құрылыс нысандарының өсім көрсеткішін ұлғайтуды тапсырды.
Кезекті мәжіліс отырысында Шұбар ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары және жоспары жөнінде баяндама жасады. Дегенмен, ауылдық округтегі әлеуметтік сала, агросектор бойынша нәтижелердің төмендігі, аудан әкімінің тұрғындармен кездесу, ауыл аралау кезінде берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы төмен екендігі айтылып, округ әкіміне ескерту берілді.
Апталық мәжілісте мерзімді басылымдарға жазылу, қыс маусымындағы жылумен қамтамасыз ету бойынша сала жауаптыларының есебі тыңдалып, тапсырмаларды толығымен орындау жөнінде ескертілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Алдыңғы

ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *