Басты ақпарат

ORDABASY: ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

0
Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін басты мерекесі. Балдырғандарды сиқырлы ертегілер әлеміне жетелейтін бұл күн биыл да аудан бүлдіршіндерін ерекше күйге бөлеп, жылдағы дәстүрге сай аталып өтті.
Арнайы ұйымдастырылған аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасына ауданымыздың білім беру мекемелерінің үздік оқушылары, балабақшалардың бүлдіршіндерін қамтыған 120 бала қатысты.
«Жарқыра, Жаңа жылшамдары!» атты мерекелік шара шымылдығы «Қар ханшайымы» ертегісінің желісінде түріліп, ертегі кейіпкерлері қонақтарды сырттан арнайы безендірілген ертегілер әлеміне алып кірді.
Балақайлардың ерекше қойылымына куә болған аудан басшысы Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков сөз алып, балаларды шырша тойымен құттықтады.
«Қымбатты балалар, баршаңызды ең ғажайып мерекелердің бірі — Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл, ең алдымен, балаларға қуаныш сыйлайтын ғажайыпқа толы мереке. Сіздердің жан-жақты дамыған білімді, парасатты, тұлға ретінде қалыптасып, жетілулеріңіз үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ауданымыздың білім беру мекемелерінде де балаларға арналған қосымша үйірмелер ашылып, заман талабына сай жан-жақты дамуына барынша шарт-жағдай әзірленуде», деп ақжарма лебізін жеткізген аудан әкімі шырша шамын жақты.
Салтанатты шарада барша қатысушылар жайдары көңіл-күймен өз өнерлерін ортаға салды. Жаңа жылдың басты сәні — жасыл шыршаны айналған балалар шаттық пен қуанышқа бөленіп, арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады. Ортаға Аяз ата мен Ақшақар еніп, түрлі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, балалар аудандық Мәдениет үйі мен білім беру мекемелерінің өнер үйірмелері әзірлеген концерттік бағдарламаны қызықтады. Ескі Қоян жылын ризашылықпен шығарып салған балақайлар жыл басы – Ұлу жылын ыстық ықыласпен қарсы алды.
Ертегі желісіндегі мән мен ән, талғам мен сән де әдеттегі қойылымдардан өзгешеленген бұл думан көптің көңіліне ұмытылмастай әсер қалдырды.
Мерекелік шарада аудан әкімі Азат әбдіғалиұлы, мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы балаларға арнайы сыйлықтар мен тәттілер үлестірді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА 4 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Алдыңғы

ORDABASY: ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *