Ақпарат ағыны

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

0

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенім білдірген үгіт-насихат тобының мүшелері А.Қабылбеков, Ә.Байназар, С.Темірбаев, Б.Батаев, Б.Айтбаев пен Г.Ирискельдиев Сайрамдағы Ақбұлақ ауылына барып, Құрмантаев орта мектебінің ұжымымен кездесті. Штаб мүшелері ел дамуының барлық саласын қамтитын стратегиялық бағыттарды айқындаған сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, педагогтардың мәртебесін көтеру, олардың жайлы ортада қызмет істеуін қамтамасыз ету жұмыстарының жалғаса беретінін жеткізді.

Сондай-ақ, штаб мүшелері М.Күнпейсов, Т.Рахымберді және Н.Бабичев саурандық сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, саяси науқанның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Шаға ауылдық клубында кездесу өткізді. Сенімді өкілдер үміткердің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасындағы әрбір бастама елімізді одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен бірге, кездесуде ауыл тұрғындары әлеуметтік, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау салаларына қатысты түрлі ұсыныс-пікірлерін айтып, алдағы сайлауға белсене қатысатындықтарын жеткізді.

Ал, сенімді өкіл атанған Н.Әбішев, Т.Қырықбаев, Ә.Асауов, М.Қалдыбаев, А.Қайназаров, Э.Темірбаева мен Х.Қожбанова Жетісайдағы Ш.Уәлиханов жалпы орта мектебінде үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Олар көпшілікке үміткердің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Штаб мүшелері кездесуде мемлекет басшысының бастамасына сәйкес, бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатынын, Отбасының цифрлық картасы әзірленіп, әлеуметтік әмиян бағдарламасы іске қосылатынын айтты.

Кездесуге қатысқан қоғамдық штаб мүшелері әділетті Қазақстанды қолдауға және сайлауда өз тағдауларын жасауға шақырды. Сондай-ақ сайлаушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт жөнінде ақпарат беріліп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.

#TOQAEV2022

ТҮРКІСТАН: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КАНДИДАТ Қ.К.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Алдыңғы

«ОҢТҮСТІК ҰСТАЗДАР ҰСТАХАНАСЫ» –ОҚМПУ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *