MediaЖүгіртпеҚоғамМәдениет

Мақтааралдық әжелер референдумға ұлттық киіммен келді

0

Мақтааралдық әжелер референдумға ұлттық киіммен келіп, шашу шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақжаулықты аналар елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумның халық үшін зор қуаныш, үлкен той екенін атап өтті.

«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік», — деді олар.

Қазақтың салт-дәстүріне өте берік ауылдың әжелері ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 59 референдум учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 70587 азамат тіркелген.

Қазақстандық төрт боксшы АҚШ-та нокаутпен жеңіске жетті

Алдыңғы

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы референдумда дауыс берді

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *