ЖүгіртпеМәдениетСпорт

Қазақстандық төрт боксшы АҚШ-та нокаутпен жеңіске жетті

0

Миннеаполисте (Миннесота) өткен бокс кешінде төрт қазақстандық боксшы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Супер орта салмақта Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) екінші раундта америкалық Хайнел Уилерді (7-1, 6 КО) нокаутқа түсіріп, проф рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Екінші жеңіл салмақта қазақстандық Евгений Павлов (6-0, 4 КО) екінші раундта мексикалық Алексис Салидоны (2-2, 1 КО) нокаутпен жеңді. Павлов үшін Нұрмағанбет сияқты Миннеаполистегі жеңіс кәсіпқойдағы жетінші жеңіс болды.

Жартылай орта салмақтағы Аблайхан Жүсіпов (1-0, 0 КО) бірінші раундта тағы бір мексикалық Эдгар Рамиреске (18-20-1, 14 КО) қарсы шығып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл Жүсіповтің кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі және кәсіпқой рингтегі мерзімінен бұрын бірінші жеңісі.

Әбілхан Аманқұлдың орта салмақта америкалық Девонте Макдональдқа (1-0, 1 КО) қарсы жекпе-жегі үшінші раунда қазақстандықтың пайдасына техникалық нокаутпен аяқталды.

Бұл Аманқұлдың кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі болатын.

Осылайша АҚШ-та алғаш рет сынға түскен төрт боксшымыз да максималды жоспарды орындады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Алдыңғы

Мақтааралдық әжелер референдумға ұлттық киіммен келді

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *