Сурет:ОСК
Бүгінгі Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Сайлау учаскелеріне келген азаматтар өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне деген жауапкершілігін танытты.
Дауыс беру барысында сайлаушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, өздері сенім артқан кандидаттарға қолдау көрсетті. Бұл – халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын, маңызды қоғамдық мәселелерге белсенді араласуға дайын екенін көрсететін маңызды қадам.
Құрылтай сайлауындағы азаматтардың белсенділігі – қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылықтың, ел бірлігінің берік негізінің көрінісі. Әрбір сайлаушының өз таңдауын жасауы мемлекет дамуына қатысты ортақ жауапкершіліктің қалыптасып келе жатқанын аңғартады.
Бүгінгі сайлау ел азаматтарының қоғамдық өмірге араласуға деген қызығушылығы жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Халықтың қолдауы мен азаматтық белсенділігі алдағы уақытта ел игілігіне бағытталған бастамалардың жүзеге асуына оң ықпал ететіні сөзсіз.
Елдің болашағы – халықтың бірлігіне, өзара сеніміне және ортақ мақсат жолындағы ынтымағына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтай сайлауының ұйымшылдықпен өтуі – ел өміріндегі елеулі қоғамдық оқиғалардың бірі.
Сайлау қорытындысы азаматтардың өз таңдауы арқылы ел дамуына үлес қосуға ұмтылатынын көрсетті. Бұл – қоғамдағы азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің жақсы көрсеткіші.
Ғалымжан Зиябек,
«Ордабасы оттары» газетінің директор-бас редакторы.











Comments