Ақпарат ағыны

«Парасаттылық – жемқорлыққа қарсы қоғамдық иммунитет»

0

Ауданда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Парасаттылық – жемқорлыққа қарсы қоғамдық иммунитет» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда парасаттылық, адалдық және заң талаптарын сақтау қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жемқорлыққа қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру.

Семинар барысында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Заң факультетінің Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының доценті Бекбосынов Ермек Төленұлы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда парасаттылық қағидаттарын орнықтыру бағыттары бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинарға білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, жастар және заң салаларының өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық пен адалдық құндылықтарын насихаттауға бағытталған ақпараттық брошюралар таратылды.

Іс-шара барысында қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту, заң талаптарын сақтау және әр азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Парасатты қоғам – жемқорлықсыз болашақтың негізі!

Ел ертеңі үшін жасалған таңдау

Алдыңғы

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *