Басты ақпарат

1 АҚПАН-ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ!

0

Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEO) бастамасымен басталған.

Бұл күннің мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.

Осыған орай бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық Жастар ресурстық орталығы және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қатысуымен белсенді жастармен бірге «Сайлау және Жастар» атты тақырыбында кездесу жиыны болып өтті.

Жиын барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Үкібас Мұрат Аманбекұлы сайлау туралы заңнама ерекшеліктеріне тоқталып, ел дамуындағы сайлау үдерісінің, мәдениетінің қалыптасуы маңыздылығын атап өтті. Өзара пікірталас барысында аудан жастары тақырыптың өзектілігін ашып, біршама ұтымды ойларын ортаға салды.

ORDABASY: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Алдыңғы

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ШҰБАРСУДЫҢ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖОҒАРЫ”

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *