Ақпарат ағыныЖүгіртпеҚоғам

Жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

0

Тәртіп сақшылары қоғамның тыныштығын басты назарда ұстайды. Олар түрлі қылмысты болдырмау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Мәселен, Мақтаарал ауданының полицейлері Атакент-Жетісай тас жолы бойында таңғы сағат 07:30 шамасында алдыңғы және артқы мемлекеттік белгілері жоқ «AUDI C4» маркалы автокөлікті тоқтатады. Аталған көлік құралының жүргізушісін тексеру барысында оның куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігі белгілі болды. Сондай-ақ оның ішімдік ішкенінен күдіктенген полицейлер, оған медициналық сараптама тағайындады. Нәтижесінде оның алкагольдік мас халде екендігі анықталды. Осыған байланысты жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Мақтаарал аудандық сотына жолданған болатын. Аталған жайтқа сәйкес аудандық соттың қаулысымен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мас халде көлік жүргізбеуге кеңес береді. Ішімдік ішіп, заң бұзатындарға, оның ішінде көлік айдайтындарға қатаң жаза қарастырылған. Сондықтан өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеңіз!

Түркістандық полицейлер мереке қарсаңында балаларға тосынсый жасады

Алдыңғы

М.ӘЙТЕНОВ ҚҰРСАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Сіздің электронды почтаңыз жарияланбайды.