Ақпарат ағыныЖүгіртпе

Түркістандық полицейлер мереке қарсаңында балаларға тосынсый жасады

0

Түркістан облысының тәртіп сақшылары «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында ерекше іс-шара ұйымдастырды. Оған Түркістан облысы ПД  полицейлері мен «Жеңіс» саябағына серуендеуге келген балалар қатысты.


Ашық аспан, мейірімді полицейлер, ән-би, тосынсый, түрлі ойыншықтар саябақта қыдырып жүрген ата-аналар мен бүлдіршіндерді, жеткіншектерді қызықтырып, барлығы бір сәтте сахна жанына жиналды. Ал полицейлер іс-шараны балалармен бірге асфальтқа сурет салудан бастады. Саябақ кішкентай тұрғындардың күлкісіне бөленді. Сондай-ақ олардың назарына Жедел қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдылары көрсетілді.
Полиция полковнигі Б.Сапар кішкентай достарға ТО ПД бастығының мерекелік құттықтауын жеткізіп, балаларға арналған сыйлықтарын табыстады: «Балаларды қорғау күні» қарсаңында өздеріңізді қуантқымыз келді. Баршаңызға белгілі 2022 жылды Президентіміз Қ.Тоқаев, «Балалар жылы» деп жариялады. Бәріміз де балаларымыз үшін, солардың болашағы үшін жүрген жандармыз. Ендеше аспаннан күн сөнбесін, жүздеріңнен күлкі кетпесін жас достар!”, – деп атап өтті департамент бастығының орынбасары.
Болашақта тәртіп сақшысы болуды армандайтын Мансұр болса, сыйға алған добына полицейдің естелікке қол қойып бергенін сұрап, жиналғандарды сүйсінтті. Осылайша түркістандық тұрғындар тәртіп сақшыларымен естелікке суретке түсті. Полицейлермен бірге көңіл көтерген балалар мен ата-аналар, олар ұйымдастырған қызықты концерттік бағдарламаға, сыйлықтарына алғыстарын айтып, тарқасты.

Полицейлер жоғалған 13 жастағы жасөспірім қызды тауып, отбасына қайтарды

Алдыңғы

Жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Сіздің электронды почтаңыз жарияланбайды.