Ақпарат ағыны

СОТТЫҢ ХАБАРЛАУЛАРЫ МЕН ШАҚЫРУЛАРЫ

0

Іске қатысушы тараптар сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. Оның ішінде, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберу қолданылады. Тараптарды сот отырысына SMS хабарламалар жіберу арқылы шақыру «Төрелік» ақпараттық жүйесімен жүзеге асырылады. SMS хабарламаның іске қатысатын адамға қай уақытта жеткізілгені жөніндегі ақпарат «Төрелік» ақпараттық жүйесінде көрініп тұрады.

Сонымен бірге, хабарлама іске қатысушылардың электрондық пошта мекенжайына жолдануы мүмкін. Шақыру қағазын электрондық поштаға жолдаған жағдайда, іске қатысушының оны алғандығы жөніндегі дәлелдің болуын қамтамасыз ету қажет. Іске қатысушылардың электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыс абоненттік нөмірі болмаған жағдайда, соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама белгілі болған соңғы тұрғылықты жері бойынша жіберіледі. Қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы іске қатысатын адамның сотқа белгілі мекенжайына тапсырысты хатпен жіберілуі немесе қолма қол берілуі мүмкін. Сотқа шақыру қағазы қолма қол табысталған кезде, іске қатысушының оны алғандығы жөніндегі қолхаты сотқа қайтарылуға жатады. Тапсырысты хаттың іске қатысатын адамға табысталғаны жөнінде мәліметтің болуы шарт. Сотқа белгілі мекенжайда адамның іс жүзінде тұрмайтындығы анықталса, хабарлау оның жұмыс орнына жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 133-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес, жауапкердің нақтылы тұрған жері белгісіз болған кезде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасының соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазба сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі. Мұндай хабарлау тиісінше хабарлау болып табылады.

Соттың шақыру қағазында сотқа шақырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты және адамның тұрғылықты жері не заңды тұлғаның атауы мен оның орналасқан жері, соттың атауы мен мекенжайы, сот отырысының уақыты, істің атауы, сотқа келмей қалу салдарын және келмеу себебін сотқа хабарлау міндеттілігі көрсетіледі.

Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда сотқа шақырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы, соттың атауы мен мекенжайы, сот отырысының уақыты, істің қысқаша атауы, адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақыртылып отырғандығы, хабар жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.

Хабарлау немесе сотқа шақыру ұялы байланыс абоненттік нөміріне немесе өзге де телефонына қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін. Бұл туралы телефонограмманы берген адам оны өзінің қолтаңбасымен және оның кімге және қашан берілгендігін көрсетіп, куәландыруға тиіс.

Қазіргі таңда, сотқа қатысатын адвокаттар мен өкілдерге хабарламалар сот кабинеті сервисі арқылы жіберіледі. Сонымен бірге,  «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіне жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.

Қорыта келгенде соттың хабарлаулары мен  шақыру қағаздары тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары арқылы жіберіледі.

Хабардың жіберілгендігін растайтын құжаттар іс материалдарына тіркеледі.

Баян Кейкиева,

Ордабасы аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

1. Балаларға жыл сайын қандай қаражат есептеледі? Мысалы, 2024 жылы туылған бала 18 жылдан кейін қандай сома алады? Есебі бар ма?

Алдыңғы

2023 жылғы 29 қарашада «БЖЗҚ»АҚ-да «Ұлттық қор – балаларға»тақырыбында ашық есік күні өтті

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *