Ақпарат ағыны

1. Балаларға жыл сайын қандай қаражат есептеледі? Мысалы, 2024 жылы туылған бала 18 жылдан кейін қандай сома алады? Есебі бар ма?

0
  1. Балаларға жыл сайын қандай қаражат есептеледі? Мысалы, 2024 жылы туылған бала 18 жылдан кейін қандай сома алады? Есебі бар ма?

Жыл сайын Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігіндегі инвестициялық кірісінің «Ұлттық қор — балаларға» жобасы бойынша балаларға есептелетін 50% есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі — ҚР ҰБ) жүзеге асыратын болады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің кірісі есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Бұдан бөлек, балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.

Осылайша, балалардың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

БЖЗҚ кірістің жалпы сомасын (ҚР ҰБ-тың балалардың шоттарына аудару үшін есептеген) және Қазақстан азаматы болып табылатын барлық балалардың санын (ҚР Әділет министрлігінің деректерімен салыстыру нәтижесінде айқындалған) негізге ала отырып, бағдарламаға қатысушы бір балаға есепті жылдағы нысаналы талаптардың тиесілі сомасын есептейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта әр балаға 18 жасқа толған кезде мақсатты жинақтау сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақталған активтерінің көлемі, оның тарихи кірістілігі бойынша берген нәтижелерімен және бағдарламаға қатысушы балалардың санымен айқындалатын болады.

 

  1. 2024 жылы 18 жасқа толатын балалар бағдарламаға қатыса ма және олар қанша алады?

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, 2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға 2023 жылдың нысаналы талаптары (бала әлі 18 жасқа толмаған жылға) есептелетін болады.

2023 жылға арналған бір балаға арналған нысаналы талаптар сомасының есебі ҚР Әділет министрлігімен деректерді (Қазақстан балаларының 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша саны) салыстырып, Ұлттық Банктен ақпарат (балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша) алғаннан кейін  жүргізілетін болады.

Әрбір бала 18 жасқа толғаннан кейін БЖЗҚ-дан өзінің нысаналы жинақтау шотында қалыптастырылған сома шегіндегі нысаналы жинақтары төлемін алуға құқылы болады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу үшін нысаналы жинақтардың төлемдерін алу мақсатында нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтарды алушының әрекетке қабілетсіздігі немесе әрекет қабілеттілігі шектелген жағдайда) өзі таңдаған, уәкілетті оператор болып табылатын банкке жүгінеді. Уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы алушы оған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, уәкілетті оператордың ішкі құжаттарында белгіленген қажетті құжаттарды тіркей отырып, өтініш береді.

 

 

  1. БЖЗҚ сайтында төлемдер бойынша толық статистика (мысалы, жынысы, аймағы, нысаналы пайдалануы және т. б. бойынша) орналастырыла ма?

Бағдарламаға қатысушы балалардың нысаналы талаптары (олар 18 жасқа толғанға дейін), жинақтарды алушы балалардың нысаналы жинақтары туралы (олар 18 жасқа толғаннан кейін) талдамалық және статистикалық ақпаратты тұрақты түрде орналастыру мақсатында БЖЗҚ интернет-ресурсында есептердің мынадай нысандары көзделетін болады:

1) Нысаналы талаптарға қатысушылардың жасы мен тұратын аймағы бөлінісінде Нысаналы талаптарға қатысушылардың (18 жасқа дейінгі балалардың) саны бойынша есеп;

2) Жинақтар тұрғын үйге немесе білім беру ақысына пайдаланылатын уәкілетті оператор — банктер мен өңірлер бөлінісінде нысаналы жинақтарды пайдалану (балалар 18 жасқа толғаннан кейін) жөніндегі есеп.

 

  1. Құпиялылық туралы: алушының нысаналы жинақтау шотындағы сома туралы ақпаратты кім ала алады (қамқоршылар/ата-аналар)?

БЖЗҚ e-gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келесі мәліметтерді ақысыз ұсынуға міндетті:

— нысаналы талаптар сомасы – бағдарламаға қатысушы балаға (немесе оның заңды өкіліне);

— нысаналы жинақтау сомасы – жинақты алушыға (нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылған күннен бастап кез келген сұраныс жасалған күнге).

Нысаналы жинақтау шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы анықтамалар нысаналы жинақтарды алушының өзіне, оның заңды өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі негізінде, мұрагерлерге – қайтыс болған не нысаналы жинақтарды алушыны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда ғана берілуі мүмкін (мұраға құқық туралы куәлікті ұсына отырып, сұраныс жасау бойынша). Сондай-ақ, мұндай анықтама, егер заңнамаға сәйкес көзделген болса – өзге де тұлғалар мен ұйымдарға беріледі.

 

  1. Ұлттық қорда 18 жасқа дейінгі балалардың шоттарына ақша аударуға жеткілікті қаражат бар ма?

Балалар 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан балаларына есептелген олардың нысаналы талаптары Ұлттық қор активтерінің құрамында қалып, қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастыра береді. Бұл ретте нысаналы талаптар әрбір балаға мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын есептеліп, аударылып отырады.

18 жасқа толғаннан кейін әрбір бала өз жинақтарын екі мақсатқа – тұрғын үй сатып алу және білім алуға пайдалану құқығына ие болады. Осылайша, жыл сайын ҚР ҰБ БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтаушы шоттарға Ұлттық қордан тек 18 жасқа толған алушылар бойынша ғана ақша аударуды жүзеге асыратын болады.

 

 

 

 

 

  1. Балалардың шоттарындағы қаражатты инвестициялық кіріс есебінен ұлғайту үшін Ұлттық қор қандай да бір қаржы құралдарына салына ма?

Балалардың нысаналы талаптары Ұлттық қор активтерін қаржы құралдарына он сегіз жасқа толғанға дейін инвестициялау есебінен өседі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген)  2-тармағына сәйкес, ҚР ҰБ-тың Ұлттық Қорды сенімгерлік басқару кезіндегі инвестициялық операцияларды жүзеге асыруының негізгі мақсаттары:

1) Ұлттық қор активтерінің сақталуы;

2) Ұлттық қор активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;

3) тәуекелдің орташа деңгейі кезінде Ұлттық қор активтерінің ұзақ мерзімді келешектегі табыстылығының жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы жинақтар олардың АҚШ долларындағы нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) аударылып, инвестициялау тоқтатылып, тұрғын үй мен білім алуға пайдалануға рұқсат беріледі.

 

  1. Егер әр балаға 18 жыл ішінде аударылған қаражат сомасы 2-3 мың АҚШ долларынан аспаса, осындай аз ақшаға оқу ақысын төлеуге немесе үй сатып алуға бола ма?

2013 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі — МБЖЖ) жұмыс істейді, оның көмегімен Қазақстанның кез-келген азаматы Қазақстанда да, шетелде де ақылы кәсіптік және жоғары білім алу үшін ақша жинай алады.

Бұл жүйе ата-аналарға бала туылғаннан бастап оның оқу ақысын төлеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қазақстанның кез келген азаматы екінші деңгейдегі банкте өзіне немесе баласының атына білім беру салымын ашып, не сақтандыру компаниясымен білім беру жинақтау сақтандыру шартын жасасып және жыл сайын инвестициялық табысқа қосымша мемлекет сыйлықақысын да ала алады. Осылайша, мемлекет МБЖЖ-ның барлық салымшылары үшін іс жүзінде білім беру шығындарының бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

Кейін бұл жинақтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде қалыптастырылған қаражатпен бірге оқу ақысын төлеуге және білім алуға көмектесе алады.

Тұрғын үй сатып алуға қаражат жинау үшін нысаналы жинақтар «Отбасы Банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруға бағытталуы немесе түрлі ипотекалық бағдарламалар бойынша қаражатқа қосылуы мүмкін.

 

  1. Бала 18 жасқа дейін қайтыс болған жағдайда, қаражат қалай қолданылады?

Бала қайтыс болған жағдайда (18 жасқа дейін немесе одан кейін) «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде қалыптастырылған жинақтар ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинақтар БЖЗҚ-дан АҚШ долларымен мұрагерлер таңдаған уәкілетті оператор-банкте ашылған олардың банк шоттарына аударылатын болады. Уәкілетті операторлар тұрғын үй мен білім алуға төлемдерді төлемді алу сәтіндегі ағымдағы бағам бойынша теңгемен жүргізеді.

 

ВОПРОСЫ:

Алдыңғы

СОТТЫҢ ХАБАРЛАУЛАРЫ МЕН ШАҚЫРУЛАРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *