Басты ақпарат

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

0

Түркістан облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының 2024 жылға арналған Операциялық жоспарға сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың кең ауқымының назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ азаматтардың полиция органдарына сенім деңгейін арттыру болып табылады.

Осыған байланысты, Ордабасы ауданы аумағында ағымдағы жылдың 24-26 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізу жоспарлануда. Бұл  іс-шараға Ордбасаы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, білім, денсаулық сақтау  және тағы да басқа органдар өкілдері қатысады.

Іс-шараның мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, отбасындағы татулықты нығайту, отбасындағы  тұрмыстық зорлық-зомбылық  көрген балаларға психологиялық көмек көрсету, қолдау, отбасындағы құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тексеріп, есепке алу және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы мәселелерді  түсідіру  болып табылады.

Құрметті әйелдер қауымы!

Қазақстан Республикасының Үкіметімен отбасы әйелдер және балалардың құқытарын қорғау мәселелері бойынша  «Amanat 111» біріңғай мемлекеттік байланыс орталығының сенім телефоны жұмыс атқаруда. Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда үнсіз қалмаңыз. Сіз өзіңіз тұратын мекен-жайға қарасты  Учаскелік трек пунктіне  немесе Ордабасы ауданы полиция  бөліміне мына байланыс сымтетігі арқылы «Сенім телефоны» 102 телефонына қоңырау шалып хабарласа аласыз.

    Жанар Мұратбекова,

аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты.

ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ АДАМДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 МЫҢҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *