Басты ақпарат

ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ АДАМДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ

0

Атырауда өткен Ұлттық Құрыл­тай­дан соң Адал адам қандай болу керек деген әртүрлі жазбалар қап­тап кетті. Соның бірі өзім бола­тынмын. «Осы уақытқа дейін Ұлтты ұйыс­тырған жиын» де­ген қысқа пікір жаздым да, күр­делісін кейінге ысырып қойдым. Өйткені, адам-қо­ғам мәселесі терең фи­лософия. Оған атүсті қа­рауға болмайтын, қалай болса солай қалам тар­туды көтермейтін тақы­рып.

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­­март Тоқаев Адал адам туралы тек Атырауда ғана айтқан жоқ, Аты­рауда Адал адам болуға жетелейтін адал еңбек пен адал табыс табу ар­қылы Әділетті Қазақстан құру көзқа­расын нақтылаған болса, ал қоғам­дық сананы өзгерту жөніндегі баста­маны Түркістандағы Құрылтайда көтерген болатын. Ата-бабамыз ниет түзулігі жөнінде бұрыннан ай­тып ке­леді. Сол сияқты қазіргі уа­қытта Әді­летті Қазақстанды құру тек саяси-эко­номикалық рефор­малар­мен шек­телмейді. Мемлекет бас­шы­сы айт­қандай, Ұлттың жаңа сапа­сын қалып­тастыру еліміз үшін ай­рық­ша маңыз­ды. Ең бірінші сананы сілкілеу, ба­рымызды, нарымызды електен өткі­зіп қажетін қалдыру.
Жалпы Ұлттық Құрылтайдың қай жиынында болмасын басты тақы­рыпта адам-қоғам, оны заманға сай қалай дамыту, рухани өсу жолдары қозғалып келеді..
Мемлекет басшысының даңқты бабаларымыз ат тізгінін босатып, шылбырын байлаған қасиетті киелі жерлерде Құрылтай өткізуінде үлкен астар жатыр.
Адам мәселесіне келетін болсақ, белгілі ғұлама Әл-Фарабидің еңбек­терінен артық еңбекті, дана сөздерді кездестірмеппін. Абайдың «Толық адамы» да Әл-Фараби еңбектерінен кейін дүниеге келген. Алайда бұл танымда Абайдың антика дәуірінің мық­ты фило­соф­тары Сократтың, Пла­­тонның, Аристотельдің де ең­бек­­теріне ден қойғаны байқалады. Әсіресе Аристотельдің «Этика» ілі­мінен осы Абайдың «Толық адам» ілімі бастау алып, адамгершіліктің құн­дылығы қайырымдылықта деген тү­сінікті толықтырып, жалғастыра түс­кен. Гректің ойшылдары мен Әл Фараби еңбектері сабақтас, ой түйісуі бірдей. Қандай адам болу адамның өзіне байланысты. Адам өз өмірінің қожасы деген тұжырымға алып келеді. Отырарлық ғұлама бол­мысты зерттей отырып, бақытқа барар кілтті іздейді. Аристотель мен Платонды философияны жа­саушы деп ұқсақ, Әл-Фараби осы екеуі­нің еңбектерін зерделеген, жалғасты­рушы деп айтсақ, қате емес деп ойлаймын. Әл Фараби болмысты зерттеу арқылы адам бойындағы қабілетті өле-өлгенше болмысты та­нуға, жұмсауға меже тұтты. Ізгілікке жетуді мақсат етті, ізгілікке жеткенді адами даналық деп түсіндірді. Әл-Фараби адам мен қоғамды бөліп жармайды, қайта адам бақытқа жету үшін өзара бір-бірімен бірігуге мұқтаж дей келе «бақыт дегеніміз — ізгілік» дегенге саяды. Ғұламаның дәл осы ойлары қай фармацияда болмасын өмір­шеңдігін жоғалтпады. Біреулер ба­қыт­ты мал-мүліктен, байлықтан, кейбірі биліктен іздесе, ғұлама бақытты ғылымнан тапқан. Негізін­де бақытқа жетуді ғұлама қай­рымдылықпен үнемі байланыс­тырып отырады. Ғұлама қоғамның түрін ұлы, орташа, шағын деп үшке бөледі,. Ұлы қоғамға жататын бір идея төңірегіне біріккен, бір-біріне қол ұшын беретін көпшілік. Дәл осы қоғам Мемлекет басшысы күн тәртібіне мақсат етіп қойған баршаға үндеген ұлт сапасы мықты қоғам. Мемлекет басшысы ұлт сапасын жақсарта отырып қана Әділетті Қазақстанға қол жеткізуге бола­тынын елге жеткізуде. Әл-Фараби еңбегіндегі орташа қоғам бір халық­ты ғана құраса, шағын қоғам белгілі бір жерде, мысалы бір қалада топ­тасқан қоғам. Ғұламаның Қайы­рымды қала еңбегінен қала адам­да­рының ізгілік мейірімінен адалдықты тануға болады. Ғұла­маның ойшыл­ды­ғына таң қалатын бір нәрсе бақыт жөнінде пікірді адамдардың өзіне қалдырады. Демек ой еркіндігін мойындайды, қайта адамдардың бәрі бақытты терең ұғынуы үшін ұс­таз­дың, тәлімгердің қажеттігін ай­тады. Халық айтты деп күнара ай­та­тын «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек.Тәрбиесіз беріл­ген бі­лім адамзаттың қас жауы» деген да­на сөздер Әбу Насыр Әл Фа­рабидің түйінді ойлары екенін жұрт­тың бәрі біле бермейді. Ғұлама: «Ба­қытқа жетудегі ең қажеті қайы­рым­дылық, ал кедергісі — зұлым­дық», — дейді. Бұны да уақыт дәлел­деп отыр.
Ғұлама қоғамды бақытты ету үшін ел басқарушысына қажет он екі қасиетті атайды. Қазіргі таңда ол қасиеттердің көбісін әдеп кодексінде пайдаланып жүрміз.
Мемлекет басшысы жыл сайын­ғы Жолдауларында ғылым туралы айт­­­пай кетпейді. Әл Фараби ғы­лым­ды екі­ге бөлінетінін, біріншісі ізгілікке жету, екіншісі пайдаға ие болу десе, қазіргі қоғамда елімізде ізгілік жасай отырып, жаңалық ашып, елге пай­да­сы тисе, оны ел болып, жұрт бо­лып қол­­данса, ғалымның еңбегі ба­ға­ла­нып, пайда тапса, оның еш айы­бы жоқ. Мем­лекет басшысы ел эко­но­ми­к­асын көтеру үшін креативті ой­лау­­­шы азаматтарды қолдап отыр. Бұл ғұлама ойларының ғасырлар асып жүзеге аса бастауы­ның кө­рі­ні­сі.
Ұстаз жөніндегі ойлары да тебі­рендірмей қоймайды. Әсіресе «Ұстаз­дық мінез-құлық нормасы» жө­ніндегі ойлары өмірдің өзінен алын­ған. Педагог мәртебесі туралы заң­ның қабылдануы ұстазға деген құр­мет, баға. Бұл дегеніміз адал еңбекті мойындау, ұстазға деген әділ көз­қарас арқылы берілген баға, Әл Фа­раби ізімен адаспай жүрудің нақты кө­рінісі.
Менің пікірімше Адал адам ұғымын ғылыми тұрғыдан қарап, шынайы өмірмен салыстырмалы түрде талдау керек. Әл Фарабиден кейін, менің пайымдауымша, адам философиясына терең үңілген қара­сөздің қайталанбас шебері Абай. Абайдың барлық қара сөздері адам­гершілікті ұстын тұтқан, барлық жақ­сы әрекетті адамнан, адамның өн бойындағы құндылықтардан тапқан. Абайдың Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол деуі көп нәр­сені аңғартады. Абай отыз сегізінші қара сөзінде адамға кері әсер ететін надандық, еріншектік, залымдық дей келіп, оған ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек қасиеттерді қар­сы қойып, толық адам келбетін із­дейді. Оны осы­лай­ша бейнелейді.
Биылғы Ұлттық Құрылтайда Мем­ле­кет басшысы жалпыұлттық құн­ды­лық­тар жүйесіне тоқталды. Оны са­ралап жіліктеді де. «Тәуел­сіздік, отан­шылдық, бірлік пен ынтымақ, әділ­­дік пен жауап­кершілік,заң мен тәр­­тіп, еңбекқорлық пен кәсіби білік­ті­лік, жасампаздық пен жаңа­шылдық ұлттың жаңа сапасын қа­лыптас­ты­ру­дың негізгі бағыт-бағ­­дары бола ала­­ды», – деді Қасым-Жомарт Ке­мел­ұлы Тоқаев.
Атыраудағы Құрылтайда айтыл­ған «Адал-адам, Адал-еңбек, Адал-табыс» ұғымдары Адал адам кел­бетін толық қамтиды. Адал адамсыз Әділетті қоғамды құру мүмкін емес­тігін ғұламаларымыз дәлелдеп кеткен, қарапайым халық та түсінеді. «Адам өз өмірінің қожасы» деп, Әл Фараби жазып кеткендей, Ұлы қоғамды жасайтын да адамдар, әрине ол адал адамдар. Бүгінгі Әді­летті Қазақстанның құрылыс­шы­лары, адамдар, біз өзіміз. Сырт­тан ке­ліп бізге Әділетті Қазақстанды ешкім жасап бермейді. Адалдық та, адамгершілік те, ізгілік те өз бойы­мыз­дан табылуы тиіс, ұлттық біре­ге­й­лігіміз сонда ғана нығаяды. Мем­лекет басшысы адал азамат болуға ұм­тылыс қажеттігін жұртшы­лыққа жет­кізіп отыр. Осыны қол­дайық, осы идея төңірегіне топта­сайық. Несі қиын, әрқайсымыз өз са­ламызда адал еңбек етсек, табы­сымыз да адал, айналамызға бауыр­мал­ды­лық, қайырымдылық таныт­сақ, заң­ның үстемдігін мойындасақ, Әді­летті Қазақстанды құрудағы қосқан үле­сіміз сол болады. Қайы­рым­ды­лық демекші, Қазақстанның көп­те­ген өңірлерін су тасқыны алып, елді әбі­герге түсірді. Көмек қолын созған аза­маттар қаншама, онымен мәселе тү­гелімен шешіліп кете қоймас, де­ген­­мен, ниет түзулігін айтсайшы. Қан­­­да ­бар қайырым­дылық, жүрек­тегі мейірім жылт етіп қиналғанда кө­рініс берді.
Ысырапшылдыққа ата-бабамыз ешқашан жол бер­меген. ”Мал тап­қан­ша, есеп тап” деп ұр­па­ғын үнем­шіл­дікке тәр­бие­­леген. Жа­һан­­дық сын-қатерлердің бас­тысы су тапшы­лығы бол­са, суды үнем­­деу біз­де жолға қойыл­­маған. Оған мың сан мысал та­былады. Жа­рық мәсе­лесі де дәл со­лай. Кейбір жер­лерде күн­діз жарық жа­нып тұ­рады, оған ешкім мән бе­ріп қара­майды да. Уа­қытты үнем­­деуге де көңіл аудар­май­мыз. Кей­біреу­лер­дің уақы­ты ұялы теле­фонды шұқы­лап отыруға кетеді. Бұл жаман әдет. Ақпараттың керегі бар, керексізі бар, жалпы алғанда алып қашты пікір­лер­ге бекерден-бекер алтын уақыт­ты жоғалтамыз. Тағы бір Мемлекет басшысының аса ба­сып айтқан мә­селесі – құмар­паз­дық пен наша­қор­лық, вейп мәселесі. Бұл жаһан­данудың арқасында пайда болған, ұрпақ тағдырына тіке­лей әсері бар жаңа кесел, ке­сапат. Же­ңіл ақша табудың түбі әр­қашан қыл­мысқа апарып отырған. Ойын ойнап, қа­рызға кіріп кеткен қанша отба­сының шаңырағы орта­сы­на түсті. Ай­та ке­тетін бір жағым­сыз жәйт, ажыра­судан еліміздің екін­ші орында тұруы қазақ біткенді ойлан­дыратын, күн тәртібіне қойы­ла­тын мәселе. Наша­қорлық ұлттың бола­шағына балта шабу, ұрпақты азғын­дату. Наша сатушыларымен, синте­тикалық есірткі бизнесімен айна­лысатындар қоғамның қас жауы ре­тінде заңның үстемдігін се­зінуі тиіс. Вандализмге келсек барды бүлдіру, өткен тарих­тың бетіне дақ салумен бірдей бұл жаны ашы­мас­тың қа­сында басы ауырмас елін, же­рін сүй­мейтін, тәрбиесіз адамның әре­­кеті. Тарихи ескерткіштердегі шат­пақ жазуларды өшірумен өңір­лер­­де жас­тар әжеп­теуір жұмыс істеу­де. Ту­рис­терді шақырайық, ту­ризм әлеуе­тін көте­рейік дегенде бір жа­ғынан та­рихи ескерткіштерді та­ныс­тырып жат­қан­да шет елден кел­ген­дер тас­тарға қашалып, не бояу­мен жазыл­ған бейберекет жазу­ларды көріп не ойда кететінін өздері ғана біледі. Бірақ, «Әттеген-ай», — деп кететіні сөз­сіз. Бұндай жұғымсыз қы­лықтар бабалар жолына, ұрпақ­та­рына қалдырған аманатына қия­нат. Адал адам болу үшін маң­дайың­нан тер төгіп, адал еңбек ет­сең ғана адал табысқа жетесің. Алайда қо­ғам­дағы осындай келеңсіз жағдайға көз­ді жұ­мып қарауға бол­майды. Әр са­­налы азамат Ұлы қоғам болу үшін ұлт тәрбиесіне үлес қосуымыз ке­рек.
Біздің елде алдымен ұлы қо­ғамды жасау үшін заманауи бюджет дер­ті – сыбайлас жемқорлықтан құтылу керек.
Қоғамда сыбайлас жем­қор­лықтың мүлдем жойылып кетуіне күмән, сенімсіздік бар екенін жасыра алмаймыз. Оған дәлелді санауға сау­сақ жетпейді, сондықтан жоғарыда айтқан сананың тазалығы қажет
Адал азамат идеясы бізді Әл Фараби мұраларына үңілуге алып келді. Отырарлық ойшылдың өсиет сөздері – адами даналық. Адал адам адамның бақытты ғұмыр кешуі үшін Құрылтайдан Құрылтайға жет­кізіп отырған сабақтастық ізбен жа­салып жатқан дүниелер. Осыны әр қа­зақстандық бар болмысымен се­зінуі қажет. Адал азамат бо­лып адал еңбек ету, адал табыс та­бу тек өзі­міз­­дің ерік-жігерімізге, отан­­шыл­ды­ғы­­мызға, ада­ми пейілі­міз­ге бай­ла­ныс­ты.
Адал азамат болуға әр­кім­нің-ақ бар хақысы.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Алдыңғы

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *