Басты ақпарат

ORDABASY: ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

0

Ауданымыздың табиғи газға қосылған ауылдарының саны тағы біреуге артты.


Бүгін Төрткүл ауылдық округіне қарасты Елшібек батыр ауылына табиғи газ келіп, ауыл тұрғындары мәре-сәре болды.

Ауылдастардың қуанышты сәтін көріп, қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков бастаған ел ағалары ауылдағы газ қосу рәсіміне қатысты.
Аудан әкімі тұрғындарды алда келе жатқан мерекемен тұспа-тұс ел иігілігіне берілген энегрия көзінің ауылға енуімен құттықтады.

«Бүгін мерекеге орай Елшібек батыр ауылында ақжолтай жаңалықтың куәгері болып отырмыз. Қуаныш құтты болсын! Газ жүргізу жұмыстары түрлі қиындықтарға қарамастан сала мамандарының еңбегінің арқасында толық аяқталды. Ендігіде жеке секторларға көгілдір отын тартуға байланысты құжат рәсімдеп, ертерек үйге кіргізуді қолаға алу керек», деді аудан әкімі ауыл тұрғындарын құттықтауында.

Ауылға газ құбырларын тарту жұмыстарымен айналысқан «SAT Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылы құрылыс жұмыстарын бастап, 8,891 шақырымды құраған газ құбырын биыл жыл соңында қосып отыр.
Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Енді 798 тұрғыны бар ауылда 114 Абонет табиғи газбен қамтылады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Алдыңғы

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ – ЕЛЖАНДЫЛЫҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *