Басты ақпарат

ORDABASY: ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

0

Бүгін Төрткүл ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылы табиғи газға қосылды. Ауылдастардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрғасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы қатысып, тұрғындарды жаңа жыл қарсаңындағы қуанышты жаңалықпен құттықтады.

«Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін осы айтулы мерекеге орай Қызылжар ауылында тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Ауыл тұрғындары асыға күткен табиғи газ тартылып, ауылдастардың қатты отынға деген мұқтаждықтары келмеске кеткелі тұр», деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

Ауданымыздың 9 елді мекені табиғи газбен қамтылса, биыл аудан бойынша тағы 25 елді мекенінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспардағы кестеге сәйкес жыл соңына дейін 17 елді мекенге газ тарту жұмыстарын аяқтайды. Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 47 пайызға жетпек.
Міне, сол 25 ауыл, елді мекеннің ішінде Қызылжар ауылы да бүгін табиғи газға қосылып отыр.

Ауылға газ құбырларын тарту жұмыстарымен айналысқан «КомпанияГазСтрой» ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылы құрылыс жұмыстарын бастап, 21,596 шақырымды құраған газ құбырын ауылға кіргізді.
Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған. Енді 1 888 тұрғыны бар ауылда 306 Абонет табиғи газбен қамтылады.
Айта кетерлігі, ауданымыздың ауылдарын газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: АҚҚОЙЛЫДА ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Алдыңғы

ORDABASY: ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *