Басты ақпарат

ORDABASY: СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

0
🔸Халықты солтүстікке қоныстандыру мақсатында Түркістан облысына Абай, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік жәге Шығыс Қазақстан облыстарынан 70-тен астам өкіл келді.
🔸 «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағытында солтүстік өңірлерден келген арнайы делегация Ордабасы ауданындағы ауыл округтерде қоныс аудару мәселелері бойынша халықпен кездесулер өткізді.
🔸 Аудан орталығының Темірлан ауылында өткен кездесуге 70 адам қатысып, 7 адам қоныс аударуға ниет білдірді. Сонымен қатар Шұбар ауыл округіндегі кездесуге 120 азамат қатысып, оның 2-і қоныс аударуға ықылас танытқан. Сондай-ақ, Шұбарсу ауыл округіндегі жиынға 50 азамат қатысып, оның 3-і көшуге ниетті.
🔸 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, 2015-2023 жылдар аралығында өңірден
13 758 адам қоныс аударған. 2023 жылдың қорытындысымен республика бойынша 6 727 квота белгіленсе, оның 29,3%-ы Түркістан облысының еншісінде. Ал, 2024 жылға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Республика бойынша 7050 квота бөлген.
🔸Айта кету керек, бағдарлама қатысушыларына және олардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 тг) мөлшерінде көмек беріледі.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНБАҚ

Алдыңғы

ORDABASY: ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *