Басты ақпарат

ORDABASY: ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
🔹Бүгін Түркістан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Өркен Балажанов жұмыс сапарымен ауданға келіп, Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу талаптары бойынша Ордабасы ауданының жас мамандарымен, соның ішінде денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларының мамандары мен Жастар ресурстық орталығының белсенді жастарымен кездесу өткізді.
🔹Іс-шара барысында Өркен Балажанов өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі туралы ақпараттар беріп, іріктеу бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
🔹 Сондай-ақ кездесуге арнайы қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев ауданда білімді, жауапты жас мамандардың көп екенін, аталған жобаның сондай жастар үшін зор мүмкіндік екенін айтты және белсенділік танытуға шақырды.
🔹Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсаты – өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас көшбасшылардың тобын қалыптастыру.
⚜️ МӘЛІМЕТ 👇🏼👇🏼👇🏼
☑️ Іріктеуге:
▫️35 жастан аспаған;
▫️жоғары білімді;
▫️ 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар
▫️Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
🔸Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.
🔹Іріктеу нәтижесінде Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда орналасады. Өңірлік резервте болу мерзімі 2 жыл.

ORDABASY: СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Алдыңғы

ІЗГІ ТІЛЕКТЕР

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *