Басты ақпарат

ОRDABASY: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

0
 Аудан әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, өтініштерін тыңдады.
Аудан басшысының қабылдауына алғашқы болып кірген Бадам ауылының тұрғыны Әбдіғали Қоспаев “Ауыл аманатымен” егін шаруашылығын жүргізуге несие алуда бірқатар қиындықтардың туындап жатқандығын айтып, аудан әкімінен мән-жайды анықтап беруді сұрады. Өз кезегінде мамандар аталған бағдарламаға қатысқан азаматты басқа банктен өтелмеген несиесі болғаны үшін қатыстыра алмайтындығын айтып, несиелеудің басқа да жолдарын ұсынды. Аудан басшысы қабылдауға арнайы шақыртылған “Ырыс” микро қаржы ұйымының өкіліне, тиісті бөлім басшысына аталған азаматқа жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
 
Ықылас Темір ауылынан келген Гүлзипа Қапалбаева жаңа құрылыстағы көшеге ауыз су тартып беру және жарықтандыру мәселесін көтерді. Аудан әкімі аталған мәселелердің жіті бақылауда екендігін айтып, келесі аптада мамандар ауыз су тарту жұмыстарына кірісетіндіктерін жеткізді. Ал, жарықтандырудың тиісті жоспарға сәйкес қолға алынатындығын тілге тиек етті.
Қабылдауға келген шұбарсулық Шалабай Меңлібеков ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту үшін бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. Соның бірі — егін егетін тұрғындарға арнайы егістік жерлер үйлестіріп беру. Аудан басшысы тұрғынның ұсыныстарына алғысын білдіріп, жұмыс істеймін деген азаматтарға мемлекеттік бағдардамалар мен жобалар аясында жұмыс ұсынуға әзір екеніндігін айтты. Сондай-ақ ауыл азаматтарын “Ауыл аманаты” бағдарламасына қатысуға шақырды.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ORDABASY: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Алдыңғы

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ КЕРЕК”

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *