Басты ақпарат

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ КЕРЕК”

0
🔹 Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтіп, тиісті бөлім басшылары мен мамандар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы және бюджет қаржысының атқарылуы, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі және аудан тұрғындарын сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша баяндамаларын жасады.
🔹 Мысалы, 2023 жылы Бадам, Бөген, Бөржар, Қараспан, Қажымұқан, Шұбарсу ауылдық округтері жылыжайлар салу бойынша жоспарды орындаған. Қалған ауылдық округтерде жоспар обьективті себептерге байланысты толық орындалмаған. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, оның ішінде “Ауыл аманаты” бағдарламасының әлеуетін ұтымды пайдалану арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айтты. Сондай-ақ, жер, мүлік, көлік салықтарынан өндірілмеген қарыздар бойынша ауыл әкімдері мен салық мамандарын бірлесіп жұмыс істеуді, қажет болса тиісті шаралар ұйымдастыруды тапсырды. Коммуналдық тұрғын үйлерді жалдау бойынша қарыздарды өндіру мәселесімен тиісті бөлім басшысына да бірқатар тапсырмалар берілді.
🔹Жалпы, аудан бойынша бас-аяғы 132 билборд орналастырылған. Оның 15-нің тозығы жеткен. Елді мекендердегі көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйіне кеңінен тоқталған ішкі саясат бөлімінің басшысы аудан әкімінен бірнеше тапсырма арқалады. Яғни, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы ауылдардағы сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының дені тозғанын, ретсіз орналасқанын, сөздерде мән-мағына сақтала бермейтінін тілге тиек етіп, екі айдың ішінде ретке келтіруді тапсырды. Осы уақыттың ішінде барлық елді мекендерге типтік баннер бағаналарының эскиз сызбасы, оларды орналастыру орындар (қандай жерлерге орналастыруды қарастыру), түсі (барлық е/м бойынша түстерді анықтау), типтік тексті және т.б.ерекшеліктер нақтылануы және шешім қабылдануы тиіс.
🔹 Аудандағы 57 елді мекеннің 40-ында ұялы байланыстың базалық станциясы бар болса, 17-сінде станция жоқ. Осы жылы жоспарға сәйкес 10 е/м жаңа базалық станция орнатылады деп жоспарлануда. Осы жұмыстар бойынша аудан әкімі станцияларға арналған жер телімдерін заң аясында рәсімделуін, алынған жерлерге станциялардың мерзімінде орналастырылуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
🔹 Ауданда “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі” бойынша 45 қызмет түрі бар. Оның 25-і баламалы, 7-уі ХҚКО,
7 -уі электронды түрде, 6-уы тікелей ұсынылады. Аудан басшысы қызмет көрсетуге ішкі бақылау жүргізіліп тұратындығын, нәтижесінде кемшіліктер анықталса шара көрілетіндігін, азаматтардың арыз-шағымдарына уақыты жауап беру керектігін ескертті.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Валентин күнін Жерорта теңізіндегі жанға жайлы әрі жылы аймақ – Антальяда қарсы алыңыз

Алдыңғы

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ЖҰМЫСТЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ — ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІНДЕ”

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *