Ақпарат ағыны

Құрылтайдан кейінгі ой АДАЛ АЗАМАТ БОЛУ БӘРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ

0

Президент өз сөзінде
еңбексүйгіштік, іс­керлік сияқты, сондай-ақ, жал­пы­адам­зат­тық және ұлттық құн­ды­лық­тар­ды өзіміз үлгі көрсету ар­қылы біздер жастар мен өскелең ұр­пақ­қа дәріптеуіміз керектігіне, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ететін ша­раларды кешенді түр­де жүр­гізу­мен қатар оқу-ағарту ісін жаң­ғыр­ту қажеттігіне көңіл бөлді. Түркістан қаласында өткен Ұлт­тық Құрылтайдың оты­рысында «Әді­летті Қазақ­стан — Адал азамат» атты тақырыпта сөз сөйлеген Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Та­залық пен ұқыптылық күн­делікті өмір салтымызға ай­налуы қажет: қа­лалар мен ауыл­дардың сәу­летті, саябақ­тар мен ауланың таза болуы, ең ал­ды­мен, басқа біреуге емес, өзімізге ке­рек. Жұрттың бәрі өз үйінің жайлы әрі әдемі болға­нын қалайды. Бұл дұрыс. Аза­мат­тарымыз қоғамдық орын­дар мен қоршаған ортаға да, дәл сон­дай жанашыр көзбен қа­рауға тиіс. Қазақстан – бәрімізге ортақ, оның қандай бола­тыны тек бізге байла­ныс­ты. Яғни, біз іші де, сырты да бүтін ел бо­луымыз ке­рек… Негізгі мақ­сат – табысты мем­лекет болу. Бұл мыз­ғымас қағида болуға тиіс», — деді.
Сонан соң Прези­дент­іміз Ұлт­тық Құрыл­тай – хал­қымыздың мақсатын ұйыс­ты­ратын бірегей құрылым екен­дігі, ол арқылы Ұлт тағдыры сынға түскенде бәрі ақылда­сып, елдің болашағын айқын­дағаны, қалың жұрт са­лиқалы сөзге тоқтап, ел бастаған ер­лерге көш тізгінін ұстат­қандығы, бір ел және бір халық болып сыртқы қатерге қарсы тұрған­дығы, қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара беретін­дігі жайлы айтты. Елі­міздің дамуына кедергі кел­тіретін нәрсенің барлы­ғынан ары­­лып, қоғамымызды нығайта түсу үшін алға қойған мақса­тымызды, яғни саяси-эко­­ном­икалық рефор­ма­лар мен қо­ғамдағы терең әлеумет­тік-мәдени өзгерістерді қатар іске асы­руымыз қажеттігін ерекше атап өтті жә­не бұл – өте ма­ңызды міндет екен­дігін, сон­дықтан біз алға үздіксіз ба­суымыз керектігін сөз етті.
Президент Өз сөзінде еңбек­сүйгіштік, іскерлік сияқты, сондай-ақ, жал­пыадамзаттық және ұлттық құн­ды­лықтарды өзіміз үлгі көрсету арқылы біздер жастар мен өскелең ұр­пақ­қа дәріптеуіміз керектігіне, ұрпақ тәр­биесіне оң ықпал ететін шара­ларды ке­шенді түр­де жүр­гізумен қатар оқу-ағарту ісін жаң­ғырту қажеттігіне көңіл бөлді.
Қорыта келгенде: Елімізде жаңа қо­ғамдық этика қалыптасуы керек. Онда ел­дің бірлігі және тұрақ­тылығы азамат­тар­дың өзара тілек­тестігі, әділдік, заң мен тәр­тіп, сенім және жауапкершілік сияқты құн­дылықтыр үстемдік құруы қажет. Отан­шылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбек­қор­лық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңір­ген жанды – Адал азамат деген бір ауыз сөз­бен сипаттауға бола­тынын атады. Мем­­лекет басшысының атаған мә­се­ле­ле­рі ха­лықтың көңілінен шыға­тындығы бел­гілі. Әр­біріміздің осы істе үлесіміз қо­мақ­ты еке­ні түсінікті. Ниет пен істің бір ар­на­да то­ғыс­қанда ғана алар асу оңай бо­ла­ры ай­қын!

Гүлия ТАЙТЕЛИЕВА,
«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алдыңғы

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *