Басты ақпарат

Энзоотиялық аурулардың алдын алу – мал шаруашылығының қауіпсіздігінің кепілі

0

Энзоотиялық аурулардың алдын алу – мал шаруашылығының қауіпсіздігінің кепілі

Мал шаруашылығы – еліміздің ауыл шаруашылығы саласының маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу, олардың таралуына жол бермеу – ветеринариялық қызмет пен мал иелерінің ортақ міндеті.

Энзоотиялық аурулар – белгілі бір аумақта ұзақ уақыт бойы сақталып, жануарлар арасында тұрақты кездесетін жұқпалы аурулар. Оларға бруцеллез, құтыру, сібір жарасы, эмкар, қарасан және басқа да жұқпалы аурулар жатады. Бұл аурулар мал басының азаюына, өнімділіктің төмендеуіне және елеулі экономикалық шығынға әкелуі мүмкін.

Энзоотиялық аурулардың алдын алудың негізгі жолдары – жануарларды ветеринариялық есепке алу, бірдейлендіру жұмыстарын уақытылы жүргізу, профилактикалық вакцинациялау, диагностикалық зерттеулерден өткізу және ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтау.

Мал иелері жаңадан сатып алынған жануарларды міндетті түрде ветеринариялық тексеруден өткізіп, ауру белгілері байқалған жағдайда дереу ветеринариялық маманға хабарлауы қажет. Сондай-ақ жайылымдарды тиімді пайдалану, қора-жайларды таза ұстау және уақытылы дезинфекциялау аурулардың таралу қаупін азайтады.

Құрметті мал иелері! Малдың саулығы – отбасыңыздың әл-ауқаты мен ел экономикасының тұрақтылығының кепілі. Сондықтан ветеринариялық мамандардың ұсыныстарын орындап, профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысыңыздар. Энзоотиялық аурулардың алдын алу – ортақ жауапкершілік.

Бруцеллез – қауіпті жұқпалы аурудың алдын алайық!

Алдыңғы

Инвестиционные портфели под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 июля 2026 года

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *