Ақпарат ағыны

«Atlas taste» түрік десерттерінің тізімін жасады

0

Тарихы тереңге тартқан түрік мұрасы жүздеген жылдарға созылатын дәстүрімен бірге десерттерімен де танымал. Кейбір туристер түрік десерттерін археологиялық және мәдени байлығына теңгереді.

Дәмінің саналуандығымен және ерекшелігімен есте қалатын тәттілер жергілікті халықтың да, туристердің де сүйікті асына айналған. Осы орайда, «Taste Atlas» бірнеше түрік десертін «Әлемнің ең үздік 100 тәттісі» тізіміне қосқан.

«Түрік баклавасы» әлемге танымал

Қағаздың қалыңдығындай тым жұқа қамырдан, арасына үгітілген жаңғақ, үстіне ерітілген қант суы құйылған баклава – түрік халқының ең танымал тәттісі. UNESCO шығармашылық қалалар жүйесіндегі Газиантеп өзінің баклавасымен «Atlas taste» тізімімен қатар Еуропалық Одақ комиссиясының шешімімен, «дәмі ерекше түрік тәттісі» аталды. Күнделікті ас барысында, сыйлы қонақтар келгенде орны бөлек баклаваның атауы да алуан. Мысалы, «Фыстык сармасы» – фисташка жаңғағы езілген қамырға оралған десерт. Баклаваның түрі мен пішіні де әртүрлі.

Тағы бір дәстүрлі түрік десерті – күнефе. Дастарқанға ыстық күйінде берілетін күнефе қамырына ерітілген сыр мен қант шырыны құйылып, үстіне үгітілген фисташка жаңғағы себіледі. Түркиядағы ең тәтті күнефе елдің оңтүстік-шығысында кездеседі. Ал хатайлық ең мәшһүр «Антакья күнефесі» Еуропалық одақтың «Қорғалатын географиялық мұра» санатында.

Дәстүрлі мұра: сүттен жасалған тәттілер

Түркияның сүттен жасалған тәттілері елдің басқа да кулинария шедеврлері сияқты тәтті әрі ерекше. «Фырын сүтлач» – сүт, қант, күріштен пісірілген пудинг. Тәтті дайын болғанда үстіне үгітілген даршын немесе фундук себеді. Бүкіл ел жақсы көретін «фырын сүтлачты» барлық жерде керемет дайындалады десе де, сиыр мен ешкі бағатын аймақтарда басқаша екен.

Казандиби – карамель қосылған сүтті пудинг. Атауы түбі күйген қазанмен астасатын «казандиби» («қазан түбі») немесе «қаспақ») – Осман империясының қалған мұра.

«Тавук гөғүсү» («тауық кеудесі») – еттартқышта үгітілген тауық кеудесін қуыра отырып дайындалатын десерт. Бірақ көп жерде ет қолданбай, оның орнына май, сүт, күріш ұнын, қант пен крахмал қосып пісіреді. Түріктердің тіршілігіне дендей енген бұл тәттіні түрік кофесімен немесе шаймен бірге беріледі.

«Мараш Дондурма» («Мараш балмұздағы») – Түркияның ең сүйікті десерті. Қою әрі қайталанбас дәмі бар, исі ештеңеге ұқсамайтын балмұздақтың басты сыры – Кахраманмарашта табиғи шөппен жемделген ешкі сүтінен жасалады. Ал исі аңқыған салеп (тәтті сусын) сол аймақта өткен күлгін орхидеяның тамырынан дайындалады.

«Atlas taste» тізіміндегі «Ирмик хелвасы» Анадолы асханасының маңызды бөлігі саналады.Түркияның барлық аймағында әр үйде жармадан, сары май, қант, сүт пен жаңғақтан пісірілетін ирмик хелвасы ыстық күйінде қасына «Мараш балмұздағын» қойып, дастарқанға әкеледі.

www.gotürkiye.com

БАКЛАВА – ТҮРІК ДАСТАРҚАНЫНЫҢ СӘНІ

Алдыңғы

ИРМИК ХЕЛВАСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *