Ағымдағы жылдың 11 айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (01.01.2023 ж. бастап 01.12.2023 ж. бойынша) өз салымшыларына 22,8 млн. қызмет көрсетті. Оның ішінде электрондық форматта – 15,8 млн. астам, автоматты форматта – 5,1 млн. қызмет ұсынылды. Күндізгі форматта 1,2 млн. салымшыға қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселеріне 1,0 млн. адам жүгінді.
Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай — күйі туралы үзінді көшірмелер беру бойынша қызмет ең сұранысқа ие болып қала береді. Жыл басынан бері осы қызмет 20,8 млн-нан астам берілді. Оның ішінде шамамен 15,8 млн. қызмет (немесе 69,3%) — электрондық түрде, тағы 4,4 млн. (19,4%) қызмет автоматты режимде бұған дейін Қордың кеңселерінде «электрондық пошта» хабарлау тәсілін таңдаған салымшылар мен алушылардың мекенжайларына жіберілді. 0,6 млн. үзінді-көшірме Қор кеңселерінде берілді.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте және мобильді қосымшасындағы салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыларға жинақтарының бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қызмет алу, т.б сияқты Қор қызметтерін пайдалану мүмкіндіктері бар.
Жыл басынан бері өткен 11 айда БЖЗҚ ақпараттық базасында автоматты режимде 322 мың жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) ашылды. Бұл БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелерін және «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасын интеграциялаудың арқасында мүмкін болды. Онда ЖСН бойынша Қор жаңа салымшылар туралы сәйкестендіру деректерін алады (аты-жөні, туған жылы және т.б.).
Деректемелерді өзгертуге есепті кезеңде барлығы 309 мың өтініш қабылданды, оның 239 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.
БЖЗҚ-ның көшпелі қызмет көрсету бөлімдері: мобильді агенттер мен мобильді кеңселердің экипаждары 133 мың қызмет көрсетті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында 32 мың 976 көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 715 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 42 720 материал орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, кез-келген компания Қор кеңселеріне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша таныстырылым мен консультациялар өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін жай ғана 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ үшін Қордың салымшыларына (алушыларына) сапалы консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсету әрқашан басымдыққа ие. Осы ретте 2023 жылдың 1 желтоқсанына қарай салымшылардың кері байланыс арналары бойынша өтініштерінің саны 688 мың бірлікті құрады.
БЖЗҚ-ның консультациялық қызметтерін мессенджерлер (WhatsApp және Viber чат-боттары арқылы +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша) байланыс орталығының 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайты және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники секілді әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшалары арқылы алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Comments